2027 жылға дейін бес мың мектеп күрделі жөндеуден өтпек

2027 жылға дейін бес мың мектеп күрделі жөндеуден өтпек

2027 жылға дейін бес мың мектеп күрделі жөндеуден өтпек
ашық дереккөзі
50221
27 ақпан күні Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Ж.Сүлейменова, Абай облысы мәслихатының депуттатығына үміткерлер Ш.Жанаева, Н.Қойжайғанов, М.Қарт, В.Бабиченко, М.Тұрсынов және Жарма аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер А.Қарсақбаев, Б.Омаров, аудандық сайлауалды штаб мүшелері Шар қаласында "Қамқор локомотив" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламалары пысықталып, 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ұжым тарапы өз ойларымен бөлісіп, алда келе жатқан сайлау науқанына бір адамдай ат салысып, еліміздің ертеңі, жарқын болашағы үшін дауыс беретіндерін жеткізді.  width= Сонымен қатар депутаттыққа кандидаттар аудандық мәдениет үйінде Қалбатау ауылының тұрғындарымен, кітапхана ұжымымен, белсенді жастармен кездесті. «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Шағангүл Жанаева сайлауалды бағдарламаға тоқталды.
«Жалпы бағдарлама 2023-2027 жылдар аралығын қамтып отыр. Онда қоғамның әр саласы жеке-жеке қарастырылған. «AMANAT» партиясы, біріншіден, партия мүшелерінің барлық өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ден қояды», - деп атап өтті Шағангүл Алдамжарқызы.
Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаның ішінде Абай облысына негізделген бағдарлама турасында да сөз қозғалды.
«Біздің өңірлік бағдарламамыз азаматтардың партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолдаған өтініштері, сіз бізге берген ұсыныстарыңыз негізінде жазылған. Бізде аймақтың проблемалары туралы нақты көзқарас, ойластырылған іс-қимыл жоспары бар! Біз барлық облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге дайынбыз және сіздерді облысымызды, Қазақстанымызды бірге дамытуға шақырамыз!» - деп нақтылады сөзін сайлауалды штаб төрағасының орынбасары.
Абай облысы мәслихатының депуттатығына үміткер Мерей Қарт партияның жастарға қатысты жоспарлары мен мүмкіндіктерін атап өтті.
Қазақ елінің тарихында қаншама қиын кезеңдер өтті. Сол ұмытылмас кезеңдерден кейін елімізде оң өзгерістер, жарып шыққан күндей жақсы жаңалықтар болып жатыр. Жаңа Қазақстанмен бірге біз де дамып, өмірден өз орнымызды табудамыз. Тарихи үрдістің бағыты мен барысы жас буынға деген қоғамның көзқарасын өзгертуге себеп болды. Біртіндеп жастар туралы көзқарастар қоғамның стратегиялық дамуының қоры ретінде қалыптасты. Қазір жастар қоғамның көп бөлігін құрайды, бұл ретте жастардың мүдделерін қорғап, олардың еліміздің дамуына зор үлесін тигізуге мүмкіндік жасау мақсатында келіп тұрмын. Қазақта «Бетеге кетсе бел қалар, Бектері кетсе ел қалар, Берекең кетсе нең қалар?» деген нақыл сөз бар. Ендеше, бүкіл нәрсені біріктіретін бұл – береке. Біз береке-бірлігімізді арттырғанда ғана белгілі бір дәрежеге жете аламыз. Партия бағдарламасы 75%-ға өзгеріп, жаңа қалыпқа ие болып отыр. Бұл дегеніміз «AMANAT» партиясына енгізілген жаңа ерекшеліктер жаңа мүмкіндіктер мен жаңашылдықтарға жол ашты. Ел болашағы жаңа буын қазақстандықтардың арман-мақсаттарының жүзеге асып, еліміздің дамуы үшін 19 наурыз күні әрқайсымыз өз мойнымызға жауапкершілікті алып, сайлауға қатысуға шақырамын. Өйткені, әрбір адам – өз болашағының иесі. Сіздер өз болашақтарыңызға қадамдарыңызды осындай таңдау арқылы жасайтын боласыздар, - деді Мерей Қарт.
Кездесуге жиналған тұрғындар тарапынан өңірдегі өзекті мәселелер қозғалды. Олардың ішінде шағын жинақты мектептердің жабылуы, ауған соғыс ардагерлеріне көрсетілетін көмек, жер теліміне қатысты  мәселелер айтылды.  width=
Жарма өңірі – ежелден бірлігі мен берекесі жарасқан өңір. Сондай-ақ ақ басты ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты апаларымыздан бастап ешқашан саяси, қоғамдық өмірден тыс қалған емес. Жоспарларыңызды тыңдай отыра, бірқатар сұрақтарды қойғым келіп отыр. Біздің өңірде бастауыш мектептерінің көпшілігін жауып тастады. Мектепке дейінгі балалар Жарма ауданының орталығына келіп оқуға мәжбүр. Ал ауа райы қолайсыз кезде тіпті сол мектепке де баруға мүмкіндік болмайды. Балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету керек емес пе? Сондай-ақ ауыл адамдарының орташа күнкөріс деңгейі төмен, ал қажеттіліктеріне керек қаражат өздерінің бастарынан аспайды. Үйді жылытуға бәрінің қолы жете бермейді, себебі көмірдің бағасы қымбат. Бұл ретте тұрғын үйлерге неге газ тартпасқа? - деді Әди Шәріпов ауылының тумасы, зейнеткер.
Бұл сұрақтарға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат Жұлдыз Сүлейменова тұшымды жауап берді.
 30 жыл ішінде айтылмай, жасырылып қалған проблемалар қоғамның наразылығын тудырары анық. Газ құбырына қатысты мәселеге келетін болсақ, бұл – біздің сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған мәселе. 2027 жылға дейінгі партия жоспарында газ тартылатын болады. Ал облысымыздағы ауылдық жерлерде 6 мың мектеп бар, оның 2 400-і шағын жинақты. Мұндай мектептер жабылмас үшін біздің бағдарламада екі шешім жолы қарастырылып отыр. Біреуі – ауылдық жерлерге мұғалімдерді тарту, яғни білікті жас мамандарды ауылға шақыру. Оларға бөлек қаражат жағдайын бекіту. Екіншісі – шағын жинақты мектептерде оқушы болмай, жабылып қалатын болса, аудан орталықтарына оқушыларды жеткізу мәселесі қарастырылады. Мәселен, 1 200-ден 3 600 балаға дейін оқытылатын ауыл мектептері де жоқ емес. Бұл мектептерге күрделі жөндеу жүргізбесек, апатты жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан біз жыл сайын 1 000 мектепке күрделі жөндеу өткізуге қаражат қарастырып отырмыз. Тағы бір мәселе, бұл осы 1 200-ден 3 600 балаға дейін оқытылатын ауыл мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу механизмін талап ететін боламыз. Оған мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақ алуы, бастауыш сынып балаларға мемлекет тарапынан бірыңғай формамен қамтамасыз ету секілді әлеуметтік жағдайды қамтитын жобаларымыз кіреді. Біздің мақсат – осы мәселелердің ішінде ең ауқымдыларын 5 жыл аясында шешу. Партиямыздың ұстанымы  – «арық айтып, семіз шығу». Екі жыл депутат болған азаматша ретінде біріншіден, заңнамалық негіз керек, екіншіден, қаржы мәселесін, үшіншіден, құрылымдық жағын шешу керек екенін жақсы білеміз, - деді Жұлдыз Досбергенқызы.
Кездесу соңында Қалбатау ауылының тұрғындары жылы лебіздерін білдіріп, үміткерлерге алда келе жатқан сайлауда сәттілік тіледі. Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары