Кандидаттар Абай облысының жұртшылығымен кездесті

Кандидаттар Абай облысының жұртшылығымен кездесті

Кандидаттар Абай облысының жұртшылығымен кездесті
ашық дереккөзі
50314
27 ақпанда «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері және Абай облысынан депутаттыққа кандидаттар  Абай облысы аумағындағы Бородулиха ауданындағы сайлаушылармен кездесті. «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Бердібек Сапарбаев, Самат Нұртаза, Қайырлы Қасенов, Анжела Маслова, Шолпан Чегедекова Бородулиха ауданына кездесу барысында бірқатар нысандарды аралады. Атап айтсақ, «Бородулиха ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен, мәдениет үйінде аудан жұртшылығымен, Новопокровка ауылында «Лина Агро» ЖШС аграршыларымен кездесулер өткізілді. Үміткерлер өз кезегінде сайлауалды бағдарлама туралы және ондағы аймаққа, ауданға қандай бастамалар арналғаны туралы айтып берді. Жастардың ауылдан кетуі, жас мамандарға тұрғын үй алу, жолдарға сапасыз жөндеу жүргізу және ауыл тұрғындары үшін маңызды жол учаскелерінде асфальт жабынының болмауы, Бородулиха ауданын газдандыру мүмкіндіктері сияқты өте маңызды мәселелер көтерілді.
Газдандыру мәселесі бойынша Астанаға газ тек өткен жылы келді. Әрине, барлығы газдандыруды қалайды. Әзірге Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз, Шымкент, Қызылорда, Алматы үйлері газбен жылытылады. Ешкім көмір сатып алмайды. Бұл мәселенің туындауы орынды және бұны қарастырып, министрлікке жеткізетін боламыз, - деді Самат Нұртаза.
Сондай-ақ зейнеткерлік жасты төмендету, ауыл тұрғындарын, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері де көтерілді.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылды, жастарды, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау сияқты бастамалар бар. Өңірлердің негізгі проблемасы – жастардың, жас мамандардың үлкен қалаларға кетуі. Қазір мен ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесімен айналысып жүрмін. Әрине, ол республика бойынша барлық жерде бар мәселе, бірақ Алакөл, Ертіс, Зайсан, Марқакөл сияқты су қоймаларына өте бай Шығыс Қазақстан, Абай облысында бұл мәселенің туындауы көңілге қаяу салады. Осы аталмыш мәселелердің шешімі «AMANAT» партиясының бағдарламасында қарастырылған. Қазір әлеуметтік желілер кез келген шенеунікпен байланыс орнатуға және жауап алуға мүмкіндік бар. Біздің мақсатымыз, жалпы депутаттың мақсаты – бұл министрлікке, әкімдікке, тиісті әкімшілік органдарға халықтың барлық қажеттіліктері мен тілектерін, өңірдегі негізгі мәселелер мен проблемаларды жеткізу, - деді Самат Нұртаза.
 width=
Мемлекет кәсіпкерді қолдау кезінде оның ұзақ мерзімді перспективасына қарайды. Мемлекеттік қолдаудың мақсаты – көп жаңа жұмыс орындарын құру. Қазір біздің алдымызда бір міндет тұр – шикізат секторынан кету және мемлекеттік қаражаттың көп бөлігін өндіріске бағыттау. Өйткені өндірістік компаниялар жұмыс орындарын ашып, өз өнімдерін нарыққа шығаруд. Ал біз қазір импортты алмастыруға бет алдық. Барлық жиналған ұсыныстар, сайлауалды штаб қабылдауларының жұмысы. Сондай-ақ мемлекеттік органдардағы әріптестеріміз үнемі ашық есік күндерін өткізіп, халықты қабылдаулар өткізеді және мұндай бағдарламалық құжаттар, ең алдымен, халық айтқан мәселелер мен тілектер ескеріле отырып жасалады, - деп нақтылады Ангела Маслова.
«AMANAT» партиясының бағдарламасы – қоғамда қалыптасқан мәселелерді шешу жолдарын көрсететін нақты жоспар. 2022 жылдан бастап партиялықтар өңірлерде, ауылдық жерлерде кездесулер өткізіп, 200 мыңнан астам азаматтардың ұсыныстарын жинады. Халықты толғандыратын проблемаларды талдап, жүйелеп, 10 негізгі бағыттан тұратын құжат әзірленді. Онда әрбір қазақстандық өзінің өзекті сұрауларына жауап таба алады. Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.  width=

Серіктес жаңалықтары