Елік атқан петропавлдыққа 4,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Елік атқан петропавлдыққа 4,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін

Елік атқан петропавлдыққа 4,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
255
Солтүстік Қазақстан облысында Сібір елігіне заңсыз ату фактісі анықталды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлады. Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері Благовещенка ауылы маңынан 32 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Ер адамға түлкі аулауға рұқсат берілген. Қамсыз браконьер қарда жүретін көлікпен және 12 калибрлік «CZ» тегіс ұңғылы қарумен жарақтанған. Қарумен бірге полиция Сібір елігінің тұтас етін, арқан, пышақ, оқсалғыш, 13 оқ тәркіледі. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Браконьерді ҚР ҚК 337-бабы, 3-бөлімі («Заңсыз аңшылық») бойынша 2 000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Серіктес жаңалықтары