Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
ашық дереккөзі
50378
Астанада қар күреу жұмысына 1 наурыз күні таңертең 2148 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елордадан 7 мың текше метр қар, яғни 508 рейс шығарылды. Сәрсенбі күні таңертең қала көшелерінің қарын күреп, көктайғақты жою үшін 2 148 жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
«Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек», - делінген хабарламада.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,6 млн текше метрден астам қар немесе 290 мыңнан астам рейс шығарылды.  

Серіктес жаңалықтары