50389
Студенттердің шәкіртақысы 217 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Студенттердің шәкіртақысы 217 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Ашық НҚА порталында мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы қаулыға өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz inforumburo.kz-ке сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия мынадай мөлшерде белгіленеді:
- даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
- педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
- интерндерге – 75 890 теңге;
- магистранттарға – 97 024 теңге;
- "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;
- докторанттарға – 217 500 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.