Қазақстанда жыл сайын 2 000-нан астам адам жол апатынан қаза табады

Қазақстанда жыл сайын 2 000-нан астам адам жол апатынан қаза табады

Қазақстанда жыл сайын 2 000-нан астам адам жол апатынан қаза табады
ашық дереккөзі
50234
Жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 мыңнан астам адам қаза табады. Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады. Жалпы, кейінгі 5 жылда апаттылықтың төмендеу динамикасы байқалады. Биыл 1 700-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, 200-ден астам адам қаза тауып, 2,5 мыңға жуық адам жараланды», - деді аға инспектор.
Оның мәліметіне сенсек, апаттардың негізгі себебі – көлік жүргізу тәртібінің төмендігі.
«Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы апаттарды азайтуға көмектеседі. Әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібі – біздің қоршаған ортаның қауіпсіздігінің кепілі! Жол қауіпсіздігі жаяу адамға да, көлік жүргізушіге де байланысты. Кейбіреулер, тіпті, жолды кесіп өтерде жан-жағына қарау керек екенін ұмытып кетеді, себебі бұрылыстан күтпеген жерден көлік пайда болуы мүмкін. Ал түнде барлық жүргізушілер жаяу жүргендерді байқай алмайды, өйткені адамдар киімдерінде шағылыстыратын элементтерді сирек пайдаланады. Сондықтан өте сақ болу керек және жүргізушілер сізді өтуге мүмкіндік беретініне көз жеткізу керек», - деді Ақтоты Боранова.
 

Серіктес жаңалықтары