Қазақстандық азаматтың үйінен соғыс кезіндегі Шпагин автоматы табылды

Қазақстандық азаматтың үйінен соғыс кезіндегі Шпагин автоматы табылды

Қазақстандық азаматтың үйінен соғыс кезіндегі Шпагин автоматы табылды
ашық дереккөзі
50208
Полицейлер Щучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасын тапты деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, «Мал ұрлығы» ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі.
«Ақмолалық ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтты. Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екені анықталды», - делінген хабарламада.
Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары