«Бұл не сұмдық?»: Сау адамды наркологиялық диспансерге күштеп апарған (ВИДЕО)

«Бұл не сұмдық?»: Сау адамды наркологиялық диспансерге күштеп апарған (ВИДЕО)

«Бұл не сұмдық?»: Сау адамды наркологиялық диспансерге күштеп апарған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50314
Белгілі журналист-аудармашы Баян Хасанова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің құрбым – ақыл-есі түзу, дені сап-сау, ешқандай есепте тұрмаған, бірнеше тіл білетін аудармашы Диананы ешқандай соттың шешімінсіз, тапа-тал түсте наркологиялық орталықтың адамдары Талғардағы өз пәтеріне басып кіріп, киіндіріп алып шығып, көлікке тиеп, Мақатаев көшесі, 10 мекенжайына, наркологиялық диспансерге алып кеткен. «Үстіңізден шағым түсті, сіз бірдеңе қолданады екенсіз, орталыққа апарып, анализ тапсырамыз» деп айтқан зіңгіттей екі ер адам оны күштеп ішке кіргізіп жіберген» деп жазды Баян Хасанова.
Оның айтуынша, орталықта құрбысының ешқандай сұрағына жауап берместен күштеп, есігі құлыптаулы палатаға жатқызған.
«Тіпті, күштеп шешіндіріп, арнайы киім кигізеді. Оған қоса, сол сәтте жамбасына алқызыл түсті сұйықтық укол салады. Құрбым мең-зең болып, есінен адасып қалады. Екі күн бойы бірде-бір сұрағына жауап бермей, осылай укол, система салумен болады. Екі күннен кейін оны анасы шығарып алады», - деді журналист.
Танымал аудармашы білдей мемлекеттік мекеменің сап-сау адамды үйінен бұлай зорлықпен алып кетуге қандай хақы бар дейді.
«Бұл не сұмдық? Адамды қорлау, күш көрсету, сот шешімінсіз диспансерге тығатын қандай елде өмір сүріп жатырмыз өзі? Жабайы қоғам ба, бұл? Қандай негізде адамның жеке басына бұлай қауіп төндіреді? Кім оларға хақ берді? Сонда әркімді де осылай үйінен алып кетіп, еш негізсіз қамап тастай бере ме? Оған қоса, енді құрбым шырылдап, қанынан психотропты зат барын анықтап, наркология орталығын сотқа берейін десе, Алматыдағы  лабораториялардың біріне тапсырған қанын төгіп тастаған ба, бірдеңесі бар. «Материалды Мәскеуге жібереміз, жолда төгіліп қалған» деп айтатын көрінеді. Ал Талғар аудандық ІІБ бұл істі мүлде басқа бапқа ауыстырып жіберіпті. Мұны естігенде төбе шашым тік тұрды. Сонда бұлардың бәрі бір-бірімен байланысты болғаны ма?» деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары