Павлодарда «AMANAT» партиясының қосымша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Павлодарда «AMANAT» партиясының қосымша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Павлодарда «AMANAT» партиясының қосымша қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды
ашық дереккөзі
50356
Павлодар облысында «AMANAT» партиясының тағы бір қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Қосымша қабылдау бөлмесі Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекенжайындағы Инвесторлар үйінде орналасқан. Бүгін өңірлік сайлауалды штабының басшысы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Жарқынбек Амантай және Павлодар облысының  мәслихатына үміткерлер жаңа қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кандидаттар күн сайын азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдайды. Тұрғындарды қабылдау үшін біз халыққа оңтайлы орындарды таңдадық. Осылайша азаматтар біздің штабқа, қоғамдық қабылдау кеңселерімізге келмей-ақ өз сұрақтарын жолдай алады. Халықтың ұсыныс-тілегі мен шағымдары арқылы біздің алдағы 5 жылдық жұмыс жоспарымыз жасақталады. Электоралды кезеңде берген уәделерімізді алдағы уақытында іске асыратын боламыз. Сайлауалды бағдарламамызда біз әр тоқсан сайын, ай сайын және жыл сайын не істейтініміз анық көрсетілген», - деді Илья Теренченко.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының сөзінше, бұл орын сайлаушылардың келуіне логистика бойынша ыңғайлы болғандықтан таңдалды. Өйткені инвесторлар үйінде тұрғындар әртүрлі сұрақтармен келетін басқа да қызмет көрсету ұйымдары бар. Мұнда негізінен Химқалашық шағынауданының тұрғындары келеді. Ал орталықта тұратындар үшін облыстық штабтың (Кривенко көшесі, 25А) есігі әрдайым ашық. Естай көшесінің бойында тұратын тұрғындар Толстой көшесі, 57 үйде орналасқан филиалға жүгіне алады. Екібастұз ауылдық аймағы Тай ауылының тұрғыны Қуан Отызбаев есімді азамат партия мен билік назарына бір ауылдың түйткілді мәселесін жеткізуге келіпті.
«Ауылда мал ұстайтын тұрғындар үшін шабынды жер тарылып барады. Ауыл аумағына Ақмола жағынан келетін өзен бар еді.  Оны да жауып тастапты. Енді алдағы күзде шөпті қайдан шабарымызды білмей отырмыз. Осы мәселемізді жергілікті билік алдына қойып, шешіп берсеңіздер. Екінші, ауылымыздың жолын жөндеп берсе деген өтінішіміз бар», - деді Қуан Отызбаев.
Жалпы, халық партияның қоғамдық қабылдауына әртүрлі бағыттағы сұрақтар бойынша жүгінеді. Павлодарлықтар, әсіресе, экология және денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктеріне, ауыл тұрғындары жол және су мәселесіне, кәсіпкерлер субсидиялауға және жайылымдардың жетіспеуіне қатысты мәселелер көтеруде. Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.    

Серіктес жаңалықтары