«Көңілім толмайды»: Дәулет Мұқаев емханалардағы кемшіліктерді атады

«Көңілім толмайды»: Дәулет Мұқаев емханалардағы кемшіліктерді атады

«Көңілім толмайды»: Дәулет Мұқаев емханалардағы кемшіліктерді атады
ашық дереккөзі
50968
Блогер Дәулет Мұқаев Youtube-тегі «НеКурултай» арнасына берген сұхбатында медицина саласындағы мықты, білікті мамандардың көпшілігі шетелге кетіп жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қайда жағдай жақсы жасалады, сол жаққа барып қызмет ету – заңдылық. Содан соң, МӘМС, медициналық сақтандыру жүйесіне көңілі толмайтын адамдар көп. Менің де көңілім толмайды. Ай сайын бірнеше мың теңге беремін, бірақ әлі күнге тегін медицинаны пайдаланып көрмеппін. Өткенде терапевтке жазылайын десем, «уақыт жоқ, 2,5 айдан кейін келіңіз» дейді. Сонда мен ауыратын күнімді алдын ала есептеп баруым керек екен», – деді блогер.
Ол сөз арасында адамдардың басым бөлігі ақылы клиникаға баратынын тілге тиек етті. Бірақ ол жақта медициналық сақтандыруды пайдалану үшін көп анықтама қағаз жинау керек болатынын жеткізді.
«Мәселен, мен қағазбастылықты ұнатпаймын. Содан соң «қойшы, одан да өз қалтамнан төлей салайын» деймін», – деді Мұқаев.

Серіктес жаңалықтары