Түркияда тағы 5 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда тағы 5 балдық жер сілкінісі болды

Түркияда тағы 5 балдық жер сілкінісі болды
ашық дереккөзі
50827
Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5,0 балдық зілзала тіркелді деп хабарлады turkystan.kz Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап. Зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.

Серіктес жаңалықтары