Қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға қолданылатын жаза күшейтілді

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға қолданылатын жаза күшейтілді

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға қолданылатын жаза күшейтілді
ашық дереккөзі
50359
Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері өсті деп хабарлады turkystan.kz. 6 наурызда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген балағат сөз үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулер күшіне енді. Бұған дейін айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болса, бүгіннен бастап – 20 АЕК (69 000 теңге). Сондай-ақ әлеуметтік желідегі былапыт сөздер үшін де жауапкершілік бар. Әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары