Лифтіде оқушы қызға қырындаған азамат қамауға алынды (ВИДЕО)

Лифтіде оқушы қызға қырындаған азамат қамауға алынды (ВИДЕО)

Лифтіде оқушы қызға қырындаған азамат қамауға алынды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50364

Қарағандыда көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіде ер адам кәмелетке толмаған қызға қырындап, өзімен уақыт өткізуін сұраған. Алайда полиция бұл оқиғаны қылмыстық іс ретінде қозғаған жоқ деп хабарлады turkystan.kz «Патриот» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ер адам 14 жастағы оқушыға лифтіден шығуға мүмкіндік бермей, өзімен пәтерге барып, бірге уақыт өткізуді ұсынған. Арада бірнеше минут өткенде ол лифтіден шығып кеткен. Жасөспірім өзін ұстап, ер адамға үйде, лифтіде камера бар екенін ескерткен.

Болған оқиғадан кейін үйіне келген оқушы мән-жайды анасына айтып беріп, олар полицияға жүгінеді. Ер адам табылды. Ол – сол үйде пәтер жалдап тұратын Түркістан облысының тұрғыны.

Полиция ер адамның іс-әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін көрмегенін айтады. Десе де ол өңірлік әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі соттың шешімімен үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Менің де қызым бар. Бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмасаңыз да, сізді үш тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылданды», - деді судья.

https://youtu.be/r0kNrc319hk

Серіктес жаңалықтары