Бейжіңге ұшып бара жатқан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды

Бейжіңге ұшып бара жатқан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды

Бейжіңге ұшып бара жатқан ұшақ апатты жағдайда Алматыға қонды
ашық дереккөзі
50338
«Ресей әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан Mahan Air әуекомпаниясына қарасты W579 рейсінде төтенше жағдай болды», - деп жарыса жазды Иран басылымдары. Белгілі болғандай, ұшақ Иран астанасынан Бейжіңге ұшқан. 
«Airbus A340 5 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:24-те Тегерандағы халықаралық әуежайдан Бейжіңге көтерілген. Екі жарым сағат өткеннен кейін штаттан тыс жағдай болып, ұшақ биікке көтеріле алмаған», - делінген басылым хабарламасында.
 width= Ұшақ төтенше жағдайды ескеріп, әуедиспетчерінің айтуымен Алматы қаласына апатты жағдайда қонған. Басылым жазуынша, «барлық ұшу және қону әрекеттері жарты сағатқа тоқтаған». Дерек бойынша, ұшақ жерге қауіпсіз қонған, жолаушылардың да өміріне қауіп төнбеген.

Серіктес жаңалықтары