Павлодарда қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Павлодарда қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Павлодарда қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
50490
Павлодарда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына тұрғындар хабарласқан. Олар Бұқар Жырау көшесінде үйдің ауласында орналасқан қоқыс жәшігінде нәрестенің мәйіті жатқанын жеткізген.

«Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері барды. Дәрігерлердің айтуынша, сәби 6 айлық болып туған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. «Жаңа туған баланы анасының өлтiруi» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Серіктес жаңалықтары