Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды

Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды

Атыраулық сурдодзюдошы Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50212
Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Сурдодзюдодан Азия чемпионаты 5-6 наурызда өткен.
«Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында сурдодзюдодан жалауы желбіреген Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар да қатысты. Бұл додада атыраулық сурдодзюдошы Ерсін Болатов 60 келі салмақта бақ сынады. Қарсыластарының бәрін қапы қалдырған ол Азия чемпионы атанды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Атыраулық сурдодзюдошы іріктеу кезеңінде өз тобындағы моңғол, корей спортшыларын жеңген. Ал, ақтық сында жапондық палуанды 8 секундта иппон әдісімен ұтқан. Азия чемпионы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында тұрады. Егіздің сыңары спортпен бала күнінен айналысқан. Осы аудандағы Миялы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @atyrausport

Серіктес жаңалықтары