Акула мен түйенің антиденесі медицинаға революция әкелуі мүмкін

Акула мен түйенің антиденесі медицинаға революция әкелуі мүмкін

Акула мен түйенің антиденесі медицинаға революция әкелуі мүмкін
ашық дереккөзі
50428
Knowablemagazine басылымы өте көлемді ғылыми-зерттеу мақаласын жариялады. Бұл мақалада ғалымдардың акула мен түйенің кішкентай ғана антиденесінен алынатын заттан ракты, түрлі вирусты өлтіруге болатын өнім алынбақ. Назарларыңызға жарияланған мақаланың қазақша аудармасын және негізгі бөлімдерін жинақтап ұсынып отырмыз. Әр төрт ай сайын патологоанатом Аарон ЛеБо Висконсин университетіндегі зертханасында ұстайтын бес күтуші-акуланың бірін торға түсіреді. Кейін сол акуланың денесіне кішкентай балаға вакцина салған секілді укол егеді. Дәл осы акулаға егілген вакцинадан адамда болатын қатерлік істіктің немесе COVID-19 сияқты жұқпалы аурудың иммундық жүйесі пайда болады. Арада екі апта өткен соң жаңағы жануардың иммундық жүйесі реакция бере бастаған соң, акуланың қанынан кішкене бөлікті құтыға құйып алады. Иммунолог Хидде Плое жарты елді шарлап, дәл осындай зерттеу жасайды, тек ол Массачусетстің батысындағы фермада өмір сүретін альпакамаларға ден қойған. Ғалымдардың да қалауы осы: белгілі бір жануарда кездесетін, кішкентай ғана антидене адам өмірі сақтап қалуда үлкен рөл атқару. Антиденелердің көпшілігі – біздің қанымыздағы және тіндеріміздегі патогендерді іздейтін молекулалар – ақуыздар тұрғысынан өте ауыр болмақ. Ал түйе мен акуладан алынатын кішкентай ғана антидене адамдікіне қарағанда жеңіл келеді. 1980 жылдардың соңына қарай ашылған бұл жаңалықтан ғалымдар үлкен үміт күтіп отыр, себебі ондағы антидененің мүмкіндігі үлкен: олар молекулалардың жасырын бөліктеріне жабысып, тіндерге тереңірек еніп, емдік әлеуетін арттыра алады.
«Олар адам антиденелеріне қол жеткізе алмайтын әртүрлі ақуыздардың кішкентай бұрыштарына түсуі мүмкін», – дейді ЛеБо.
Соңғы он жыл ішінде осы кішкентай ғана антиденені зерттеуге деген сұраныс артқан. Олар шағын кеңістіктерге еніп қана қоймай, сонымен қатар жұмыс істеу де оңай — олар әдеттегі үзеңгілестеріне қарағанда берік және салыстармалы түрде көп мөлшерде өндіруге арзан түседі.
Бұл антиденелердің перспективаларын жүзеге асыру үшін жылдар қажет болуы мүмкін, бірақ зерттеушілер олардың мүмкіндіктеріне риза. «Менің ойымша, олардың әлемді құтқаруға мүмкіндігі бар», — дейді ЛеБо.
Қаннан алынған жетістік Аталған антиденені 1989 жылы бірінші рет студент-биологтар тобы кездейсоқ зерттеу кезінде тапқан. Тәуелсіз Брю№ссел университетінің студенттеріне емтихан кезінде азғантай қан керек болған, себебі жетекші оларға антиденені екіге бөлуді тапсырған: Y пішінін құрайтын екі ауыр ақуыз тізбегі және Y ұшында тістері бар екі жеңіл ақуыз тізбегі. Тәжірибеге адам қанын алу аса қауіпті болған, себебі ол АИТВ жұқтыруы мүмкін екенін ескерген студенттер тышқанды өлтіруден бас тартқан. Алайда студенттердің профессоры болған, марқұм Рэймонд Хамерс сол кезде ұйқы безінің бұзылуына қатысты ірі жануарларда кездесетін ауруларды зерттеп жүрген. Сол кезде университеттің ғылыми қызметкері болған Серж Мюлдерманстың айтуынша, профессор студенттерге аз ғана түйенің қанын алып берген. Бір қызығы, студенттер қанда тек ауыр тізбекті ақуыздарды тапқан, ал оларға  антиденелердің де жеңіл тізбектері болуы мүмкін деп болжам айтылған. Мюлдерманстың айтуынша, түйенің қанындағы антидене белгісіз бір қысымға ұшыраған немесе студенттер бірдеңені қате істеген деген ойға қалған, сондықтан Хамерс Антверпенадағы хайуанаттай бағына барып, түйелерден қан алмақ болған. Студенттер қателеспеген: түйелердің антиденесінде тек күрделі ақуыздар тізбегі болады екен. Ракқа қарсы антидене Зерттеулердің нәтижесінде осы кішкентай ғана антидене адамзат үшін пайдасын тигізе бастаған. 2019 жылы нарыққа АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы мақұлдаған «Cablivi» деп аталтын дәрі нарыққа шықты. Ол ұсақ қан тамырларында қан ұйығыштарының пайда болуына әкелетін сирек кездесетін қан ауруын емдейді. Емдеу тромбоциттердегі ақуызбен байланысу үшін нанободтарды пайдаланады, бұл олардың бір-біріне жабысуына жол бермейді. Шағын антиденелер тіпті ракты емдеуде де аса құнды өнім болмақ. Толық өлшемді антиденелер қазірдің өзінде иммунотерапияда кейбір қатерлі ісіктерді емдеу үшін қолданылады. ЛеБо өз тарапынан жасап жатқан зерттеуі арқылы шағын антидене арқылы өкпеде болатын рактың алдын алғысы келеді. Тіпті оның зертханасындағы әр акуланың да аттары бар. Оның зертханасы жақында өкпенің қатерлі ісігінің өте агрессивті және қазіргі уақытта емделмейтін түріне тән акула антиденесінің фрагментін анықтаған. Ол бұл шағын антидене қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі деп үміттенеді және оны тексеру үшін зерттеулер жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары