«AMANAT»: түркістандық кандидаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

«AMANAT»: түркістандық кандидаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

«AMANAT»: түркістандық кандидаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті
ашық дереккөзі
50290
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Арыс қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Атап өтсек, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреқызы, Рабиға Қуатбекова және Арыс қалалық сайлауалды штабының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бастаған сенімді өкілдер «Тең қоғам» әлеуметтік орталығына барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Кездесу барысында сөз алған Қалыйма Жантөреқызы алдымен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы халықтың ұсыныс-пікірлері бойынша түзілген он негізгі бағытты таныстырды. Сонымен бірге алдағы уақытта тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында қандай жобалар жүзеге асырылатынын жеткізді.  width=
«AMANAT» - ең бірінші елдің тұрмысын жақсартуды мақсат етіп отырған партия. Сондықтан біз алдағы 5 жылда бүлдіршіндерді балабақшамен, жайлы мектеппен қамтамасыз етуден бастап, зейнеткерлерге берілетін жәрдемақыны жақсартуға дейінгі барлық жұмыстарға атсалысатын боламыз», - деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ жүздесуде өзге штаб мүшелері де азаматтардың игілігі үшін атқарылатын істерді атап өтіп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде, орталыққа жиылған тұрғындар көкейдегі сауалдарын жеткізіп, жауап алды. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары