«Астана-Зеленстройдың» Бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды
«Астана-Зеленстройдың» Бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды
Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директорына 185 млн теңге айыппұл салды деп хабарлады turkystan.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.
Биылғы 3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
«Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды», - делінген хабарламада.