Жетісу өңірінде балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ

Жетісу өңірінде балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ

Жетісу өңірінде балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ
ашық дереккөзі
50333
«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық сайлауалды штабының мүшелері кезекті үгіт-насихат жұмысымен Ақсу ауданындағы Ақтоған және Көлтабан елді мекендерінде болды. Штаб мүшелері Асхат Досмұхамбетов пен Мейірман Тілеуберлинов қос ауылдың тұрғындарын әуелі партияның соңғы жылдарда атқарған жұмыстарына тоқталды. Мәселен, 2021-2022 жылдары «AMANAT» партиясы ықпалымен Жетісу өңірінде 31 жаңа кәсіпорын іске қосылды. 566,8 мың шаршы метр баспана салынып, халықтың әлеуметтік осал топтарына 380 пәтер берілді. Сондай-ақ, 2,2 мың орындық 8 мектеп, 290 орындық 3 балабақша салып, 15 білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етті. Одан өзге 4 медициналық нысанды халық игілігіне пайдалануға беріп, 15 медициналық пункт тұрғызуға септесті. Енді 2027 жылға дейін ауқымды жоспар, нық бастамалар жүзеге асырылмақ.
- «AMANAT» партиясы үшін әрбір қазақстандықтың жайлы өмірі мен қолайлы болашағы маңызды. Сондықтан партия бар құзіретін осы бағытқа жұмсайды. Одан бөлек, партия мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың тірегіне, мемлекетіміздегі барлық жүйелі бастамаларының қозғаушысына айналды. Себебі біз байыпты өзгерістер мен өзекті реформаларды жасаушымыз. Міне, маңызды бастамаларды білім саласынан, яғни болашаққа салынатын капиталдан бастаймыз. Алдағы уақытта партиямыз білім ошақтарында оқитын әлеуметтік осал отбасыларының балаларын және бастауыш сыныптардың оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға күш салады. Одан өзге балаларды сауықтыру лагерьлерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру үшін жаңадан білім нысандарын салуға атсалысады. Өңірдегі барлық мектепте робототехника, химия, биология, физика кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамту да партия назарынан тыс қалмайды, - деді Мейірман Тілеуберлинов.
Мұнан кейін сөз алған штаб мүшесі Асхат Досмұхамбетов Жетісу өңірінде алдағы бес жылда жүзеге асыратын бастамаларын тізбектеп шықты. Оның айуынша, «AMANAT» партиясы жыл сайын 58 мектепті жаңғыртудан өткізбек. Мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ. 3000 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасы баспанаға қол жеткізбек.
- Мемлекет басшысы өңірге сапары барысында Жетісу – қант қызылшасын егу бойынша жетекші аймақ болуы керегін нақты тапсырды. Осы ретте партиямыз өңірдегі қант қызылшасы алқабын 2027 жылға қарай 12 мың гектарға жеткізуді көздеп отыр. Мұнан өзге өңірдегі 200-ден астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 1000 шақырымға жуық инфрақұрлым қайта жаңғыртудан өтеді. 100-ге жуық медицина нысаны салынады. Халыққа жағдай жасау партияның басты міндеті, - деді штаб мүшесі.
Кездесуде қос ауылдың тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді партияның шешуге ықпал етуін сұрады. Өз кезегінде штаб мүшелері мұндай мәселелерді «AMANAT» партиясы кезең-кезеңмен шешетінін жеткізді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары