Түркиядағы бауырлар үйлі болғанша киіз үй жеткізіп тұрамыз – Гүлім Қайырденқызы

Түркиядағы бауырлар үйлі болғанша киіз үй жеткізіп тұрамыз – Гүлім Қайырденқызы

Түркиядағы бауырлар үйлі болғанша киіз үй жеткізіп тұрамыз – Гүлім Қайырденқызы
ашық дереккөзі
50818
Бүгінде бортсерік болуды армандайтын ару көп. Гүлім де кішкентайынан осы арманның жетегінде жүретін. Алайда ауылда өсіп, қарапайым отбасында дүниеге келген оған мұндай мәртебелі маман болу қол жет­пес белестей көрінетін еді. Десе де, туған жер­дің төсінде жатып қиялымен көкке сам­ғайтын. Бала арманының қанатынан тас қы­лып ұстаған ол бүгінде расымен әуеде қыз­мет етіп жүр. Жер бетіндегі адамдарға жа­нашыр болуды да ұмытқан емес. Мысалы, жа­қында жойқын жер сілкінісімен зардап шек­кен Түркия еліне көмекке барған азамат­тарға киіз үйлерді жеткізуге көмектесті. Әр жолаушының өмірі – аманат Қарағанды облысының Ақтоғай ауы­лын­да дүниеге келген Гүлім Қайырденқызы бортсерік болуға туысқан әпкесі түрткі бол­ғанын айтады. Қонаққа келген сайын сәнді киі­ніп, көлік мініп келетін оған қызыға қа­рай­тын. Ал ол сөйлескен кезде әуекомпанияда жұ­мыс істейтінін, еңбекақысы жақсы екенін айт­қан. Әпкесінің бұл сөзі Гүлімді одан сайын қызықтыра түскен. Алайда ол кезде қа­зіргідей екінің бірі шетел асып жүретін уа­қыт емес еді. Өзге елді көру ауыл баласы үшін қол жетпес дүниедей болатын. Бірақ ар­­­­маншыл қыз болашақтан үмітін үзген емес. Мектепті ойдағыдай бітіріп, алдына үлкен мақ­сат қойып, табандылығы мен еңбек­қор­лы­ғының нәтижесінде сол арманына жетті.  width=
«Күләш Бәйсейітова апамыздың туған же­рінде өмірге келдім. Үш жасқа дейін сол ауыл­да болып, Қарағанды қаласына көшіп кел­дік. Негізі, бұл жұмысқа дейін мүлде ұшақ­қа мініп көрмеген едім. Бұл мен үшін қол­жет­пес әлемдей болып көрінетін. Барлық ем­ти­ханнан өткеннен кейін мамыр айында Гер­манияға ұштым. Бірінші сапар шеккен елім осы болды», – деп еске алады кейіпкері­міз.
Бортсерік болып жұмысқа қабылдану үшін талай сыннан өту керек. Бойың мен салмағың қойылған талапқа сай болуы тиіс. Мәселен, бортсерік болуға үміткер қыз­дар­дың бойы шамамен 1 метр 65 санти­метр­ден кем болмауы қажет. Артық салмағы бол­­­мағаны жөн. Бұл қауіпсіздік үшін де маңыз­ды. Өйткені ұшақтың жоғарыдағы сөре­леріне қолы емін-еркін жетуі керек. Мұ­нымен қоса, денсаулығың да жақсы болғаны жөн. Әрине, түрлі елге сапар шегетін болған­дық­тан, үш тілде еркін сөйлеу – басты міндет.  width=
«Бұл мамандық шапшаңдық пен қыра­ғы­лықты талап етеді. Көзің алыстағы дүниені кө­ре білуі керек. Өйткені қауіп төніп тұруы мүм­кін. Соны дер кезінде байқау керек. Бортсерік болып, авиация әлемінде жұ­­мыс істеу – өмір бойы оқушы болу де­ген сөз. Бұл – ерекше мамандық. Әр жолау­шы­ның өмірі – аманат. Әр рейс сайын борт­серіктердің жо­­­лаушыларға «Сіздің қауіп­сіз­дігіңіз – біздің басты мақсатымыз» деп айтуы бекер емес», – дейді ол.
Тұмауратып тұрсаңыз, ұшаққа мінбегеніңіз жөн Күніне кем дегенде 300-400 жолаушы­ны тасымалдаған соң адамдармен тіл та­­­быса білу де маңызды дүние. Сол үшін борт­серіктер әрқайсысының көңілін табуға ты­рысады әрі қолынан келгенше кикілжіңге жол бермейді. Бортсерік қыз ұшаққа кірген әр жолаушымен амандасқан сәттен-ақ әр­­қайсысына психологиялық портрет бере ала­тындай деңгейге жеткенін айтады. Бұл, әрине тәжірибемен келетін нәрсе.
«Апаттық жағдайда ұшақ ішіндегі түрлі оқи­ға назарымызды басқа жаққа аударып жі­беруі мүмкін. Жолаушылармен жұмыс іс­теуде өзіміздің құпияларымыз бар. Күніне бір­неше жолаушымен жұмыс істегенде адам ав­томатты түрде психолог болады. Оның сөйлегенінен, сөйлемесе де қимылынан, бет әл­петінен қандай көңіл күйде тұрғаны білі­ніп тұрады. Біреу қайғыға, енді бірі қуанышқа, ал келесісі іссапарға бара жатады. Жолау­шы­ның көңіл күйін байқап, ыңғайына қарай бейім­делуге тырысамыз. Мынадай жағдай жиі болады: жолаушылар бортсерікті шақыру ба­тырмасын басқанда «Шөлдеп отырған шы­ғар» деп су ала барамыз. Бірақ көрсетпей тұра­мыз. «Шөлдеп отырмын, су бар ма?» де­ген­де бере қоямыз. Сол кезде «Қайдан біліп қой­дыңыз» деп таңғалады», – дейді ол.
 width= Ұшақ ішінде түрлі жағдай болуы мүм­кін. Барлық жолаушы тексерілген­мен, әйелдер уақытынан бұрын босанып қалатын жағдайлар кездеседі. Мұндай жағдайда не істеу керегі арнайы тренингтерде үйретіледі. Ал қандай жағдайда ұшаққа мінбеген абзал? Бұл ретте кейіпкеріміздің өз айтары бар. Өйт­кені денсаулық – басты байлығымыз.
«Ауырып, тұмауратып тұрғанда ұшаққа мін­ген қауіпті. Бұл адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін. Өйткені құлақ пердесінің жары­лып кету қаупі туады. Ұшақ көтеріліп-түс­кенде қысым ауысады. Сондықтан адам ағ­за­сы түрлі физиологиялық құбылысқа ұшы­рай­ды. Өзім тұмауратып тұрған адамға са­парды кейінге қалдыруға кеңес беремін», – дейді Гүлім Қайырденқызы.
Текстиль фабрикасын ашқым келеді Әлемнің түрлі еліне сапар шегіп жүр­ген Гүлім бүгінде жеке кәсібін ашуға бел буғанын айтады. Мақсаты – текстиль фаб­ри­к­а­сын ашып, отандық өндірістің дамуына үлес қосу.
«Біздің еліміз – жас мемлекет. Сондықтан қол қусырып отырмай, еліме пайдам тисе дей­мін. Жан-жаққа барып жүрміз. Алысқа бар­май-ақ қасымыздағы Түркияны алайық. Текс­тильдің отаны. Қымбатшылық заманда өмір сүріп жатқандықтан, отандастарымның, әсі­ре­се баласы бар аналардың жайы алаңда­та­ды. «Киім ала ма, балаларына тамақ ала?» деп ойлаймын. Елімізде өндіріс дамуы керек. Өз-өзімізді киіндіріп, тамақтандыра алатын, өндірісіміз жолға қойылған ел болсақ деп ар­мандаймын. Соған қолымнан келгенше үлес қосқым келеді. Кәсібімді енді бастап жа­­тырмын. Ең үлкен мақсатым – текстиль фаб­­­рикасын ашу», – дейді Гүлім Қайырден­қызы.
 width= Түркиядағы жағдай өмірге деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті Жақында ел азаматтары халықпен бірі­гіп жылу жинап, жойқын жер сіл­кінісінен зардап шеккен Түркия еліне кө­мек ретінде киіз үй апарып құрған болатын. Қа­зақ халқының бұл көмегі далада қалған т­а­лай жанға пана болды. Осы орайда Гүлім Қайыр­денқызы киіз үйлерді жеткізу мәсе­лесін өз мойнына алып, азаматтық іс атқар­ға­нын айтпай кетуге болмас. Ел азамат­тары­ның бауырлас елге көмек қолын созуға әре­кет жасап жатқанын естіп, өзі хабарласқан екен.
«Осы уақытқа дейін біраз елді араладым. Бауыр­лас Түркия елі ерекше ыстық. Жақсы көр­генім соншалық, тілін де үйреніп алдым. Бұл елде болған апат жаныма қатты батты. Ол жақта достарым да көп. Сондықтан көрші елге қолымнан келгенше көмектескім келді. Киіз үйге дейін де киім-кешекпен, заттай кө­­мектесіп жаттық. Азаматтарымыздың әрекет жасап жатқа­нын естіп, Нұрбек мырзаға хабарлас­тым. «Киіз үйді қалай жеткізейін деп жатыр­сыз­дар?» деп сұрағанда, «Түркия елшілігі фурамен жет­кіземіз деп айтты» дейді. Бұл ұзақ уақыт жү­ріп жетуі мүмкін. Сондықтан «Ұшақпен жет­кізейік» дедім. Ол жақ суық, қарлы жер. Со­ған рұқсат алып, Cargo жүк ұшағы қона­тын­дай жасауымыз керек болды. Осы салада жүр­гендіктен, бұл істі біреуге сілтемей, мой­ныма алу азаматтық міндетім деп есептедім. Дала­да қалған жұртты ертерек киіз үйге кір­гізуді ойладық. Сөйтіп, Түркия тарапымен сөй­лесіп, жүк қандай ұшаққа тиелу керек еке­нін шештік», – дейді бортсерік.
 width= Алайда Түркия тарапы киіз үйді өздері құ­ра алмайтынын жеткізеді. Өйткені ондағы жұрт кітаптан көргені болмаса, киіз үй тура­лы білмейтін болып шықты. Қуанышқа орай, ба­ратын еріктілер де тез жиналып, он екі адам барды. Осылайша, киіз үй, 30 шақты қа­зан-ошақ, кәсіпкерлер жіберген киім-ке­шек тиелген жүк ұшағы көршілес елге көмек­ке аттанды. Гүлім осы орайда ел азаматтары үлкен іс атқарғанын тілге тиек етті.
«Киіз үй құруға кім бара алады? деп сұрау салғанымызда, «Мен барамын» дегендер көп болды. Азаматтарымыздың осындай көмекке дайын тұратын әрекетіне сүйсініп, көңілі дарқан халықтың ұрпағы екенімізге тағы бір рет көз жеткіздім. «Бір киіз үйді қанша адам құра алады?» деп есептеп көріп, ең бірінші бай­ланысқа шыққан он екі адамды жіберетін болдық. Оның ішінде 60 жастан асқан атамыз да болды. Бір риза болғаным, ол кісі жұмыс істегенде жастардан артық болмаса, кем түс­педі. Керісінше, үй-күйсіз қалған жерге ба­рып, далада қонғанда да мықтылық танытып, тынбай жұмыс істеп, жастарға үлгі көрсетті. Жастар жағы атамызға қарап, «ауырдым, шар­шап қалдым» деп айтуға ұялған екен. Өзара күрес ойынын ұйымдастырғанда да бә­рін жеңіпті. Осы тұста көңілге қуаныш ұялатқан тағы бір жайтты айтқым келіп отыр. Ерікті аза­маттарымыз барған жерде тамақ, шай ішуге мүмкіндік болмаған. Адамның бәрі далада қалды емес пе? Қахраманмараштан 400-500 шақырымдай жерде орналасқан Кай­сери қаласынан бір кимешек киген қазақ әйел келіп, самаурынмен шай қайнатып бе­ріп­­ті. Өзі сол жақта оқиды екен. «Сіздерді әлеу­меттік желіден көрдім. Неше күннен бері шай ішпедіңіздер ғой» деген оның жүрегі нет­кен мейірімге толы еді! Бұдан кейін Түркияның өзге қала­ла­рын­дағы қандас бауырларымыз да жиналды. «Біз біргеміз» қоғамдық қорының бас­шысы Перизат Қайрат та Түркия қала­сында оқитын студенттерді жинап, өзі де барды. Осылайша, бәрінің басы қосылып, үл­кен бір ауылға айналды. Бұл біздің қиын кез­де жұдырықтай жұмыла білген бірлігімізді көрсетеді», – дейді Гүлім Қайырденқызы.
 width= Кейіпкеріміз жүктің бәрін жібергеннен кейін өзі де жолға аттанғанын айта­ды. Өйткені ол Астанада отырып ұшақтың ұшып-қонғанын бақылап отырған еді. Түр­кияға аттанған ұшақ Қахраманмарашқа аял­дауға мүмкіндік болмағандықтан, 100 ша­қырымдай жердегі Инджирлик деген әс­кери әуежайға қонған болатын. «Ұшақ жет­кеннен кейін біздің азаматтарымыз әуежайға барып, сегіз фура жүкті артып-түсірді. Бұл – үлкен жұмыс», – дейді бортсерік. Гүлім зар­дап шеккен халықты өз көзімен көргенде көз жасына ерік бергенін айтады. Расында, бұл жүрек ауыртатын көрініс еді.
«Киіз үйді құрып болғаннан кейін Қах­ра­манмараш қаласын екі сағаттай араладық. Жағ­дайды сөзбен сипаттау өте қиын. Өзім көргенімді айтайын. Он бес қабатты үйлер са­лынып тұрған екен қатарымен. Зілзала сол үй­лердің астынан болған. Жер үш метрге дейін ашылып, отыз метр тереңдікке дейін жеткен. Он бес қабатты үйлер опырылып құла­ғанда, он екі қабаты жер астына кіріп, үш қабаты ғана жер бетінде қалған. Көрші ел­дегі жағдайды барып көргеннен кейін өмір­ге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Өмірде адам үшін не құнды? Алдымен соны ойлай бастайды екенсің. Адамдардың суреттері, оқу­шылардың кітаптары шашылып жатты. Бұл кісілер кеше ғана бақытты отбасы еді ғой. Ен­ді, міне естеліктері ғана қалды. Бұл – адам­ның жанын күйзелтетін жайт... Біз барған кезде жағдай тынышталған екен. Көп адамды үйіндіден шығарған. Әлеу­мет­тік желіде «мәйіттердің исі шығып жа­тыр» деп шулап кетті ғой. Алайда мен он­дай жағымсыз иісті сезбедім. Адам қайтқанда жән­наттық болса, хош иіс шығып жатады деп ес­ті­генім бар еді. Мен керісінше, сондай хош иіс­ті сездім», – дейді Гүлім Қайырден­қызы.
 width= Кейіпкеріміз қайтарда екі ел азамат­тары Қа­зақстан мен Түркияның Әнұра­нын айтып, қимай қоштасқанын ай­тады. Қазақ елінің атынан жіберілген киіз үй­лер мемлекет меншігіне өтіп, саябаққа сән бе­ріп тұра бермек. Ал зардап шеккен халық ол жерде кемінде 1-2 жыл тұруы мүмкін. Өйт­кені қираған қалаларды қалпына келтіру үшін кем дегенде бір жарым жылға жуық уа­қыт керек екен. Көрші елге көмекке барған ел азамат­тары бұл істі бір аптаға жетпей жүзе­ге асыра алды. Осыған ризашылық білдірген Түр­кия елшілігі ары қарай да қазақ азамат­тары­мен жұмыс істегісі келетінін жеткізген. Сөйтіп, тағы 6 000 киіз үйге тапсырыс беріпті. Тағы 6 000 киіз үйге тапсырыс берді
«Палаткадан гөрі киіз үй жақсы екен деп жат­ты. Сөйтіп, бізге тағы ал­ты мың киіз үйге тап­сырыс берді. Қаржысын өздері төлейді. Біз­дің жұмыс – киіз үй тауып беру. Екі та­рапты байланыстыру мәселе­сінде жауап­кер­шілікті өз мой­ны­ма алдым. Еріктілердің ішін­де Нұрбек Бекбау мен Дастан Жұма­бай де­ген екі азамат киіз жасай­тын фабрика­лар­мен келіссөз жүргізді. Нұрбек мырза екеуміз Аста­­на қаласында, Дастан мырза Бал­қаш қа­ла­сында тұрады. Дастан – көп­балалы әке, кә­сіпкер. Оның қайта-қайта Алматыға ба­рып, өз жұмысын кейінге ысы­рып, көрші елге белсене көмектесіп жүргеніне риза болдым. Біз Әзірге Алматыдан үш фабрика тап­тық. Моңғолия және Қытай елде­рін­де екі фабрика бар. Бес-алты фабрика жұмыс істеп жатыр. Киіз үйлердің ішіне душ орната ала­тындай етіп тапсырыс беріп, өлшемдерін айт­ты. Олар айтқандай етіп жасау үшін фаб­рикалармен байланыстамыз. Бір ұшаққа 100 шақты киіз сыяды. Жақында ғана тағы Алматыдағы фаб­ри­када тігілген 100 киіз үйді жі­­­бер­дік. Енді қалғанын жібереміз. Қазір барлық фаб­рика қарқынды жұмыс істеп, бір күнде 40 киіз үйге дейін тігіп жатыр. Аптасына 150, 200 киіз үйге дейін жібереміз деген мақсат бар. Біз әуежайға дейін жеткізіп береміз. Ары қа­рай өздері алып кетеді. Осындай келісімге кел­дік. Жер сілкінісі 10 қалада болды ғой. Бұл жұ­мыс сол қалалардағы зардап шеккен аза­мат­тарды орналастырып болғанға дейін жал­ғаса береді. Алдағы аптада Түркиядан ар­найы өкілдер келіп, фабрикаларды көреді. Зар­дап шеккен адамдардың бәрін орна­лас­тырып болғанға дейін бірге жұмыс істей бере­міз», – дейді Гүлім Қайырденқызы.
Елге оралғаннан кейін көмекке барған азаматтарды Дінмұхаммед Қонаев атын­дағы халықаралық қор Алматыға ша­қырып, арнайы марапаттады. Сонымен қатар Қа­зақстандағы кәсіпкер түрік азаматтар да ша­қырып, алғысын білдіріпті.  width=
«Дінмұхаммед Қонаев атындағы ха­лық­аралық қор Димаш атамыздың орденімен ма­рапаттады. Елге келгеннен кейін Алматыда кә­сіп­пен айналысатын Түркия азаматтары да шақырды. Олар бізді көргенде сөйлей ал­май, көзіне жас алып, көңілі босады», – дейді Гүлім Қайырденқызы.
 

Серіктес жаңалықтары