Ақмола облысында ауыл балаларына арналған заманауи кампус бой көтереді

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған заманауи кампус бой көтереді

Ақмола облысында ауыл балаларына арналған заманауи кампус бой көтереді
ашық дереккөзі
50280
Щучинск қаласындағы IQanat мектебінің аумағында жаңа Freedom House кампусының іргетасын қалау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малгаждар Таткеев, IQanat жобасының бастамашысы және қамқоршысы Айдын Рахымбаев, IQanat қамқоршысы, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты.
«IQanat ауылдарда білім беру мәселелерін шешуге бей-жай қарамайтын қазақстандық кәсіпкерлердің басын біріктіріп отыр. Қазір мұнда білім алып жүрген белсенді әрі жігерлі жеткіншектер болашақта осы миссияны жалғастырады», - деді жобаның бастамашысы Айдын Рахимбаев.
Жоспар бойынша, жаңа кампуста 420 орындық амфитеатр, жаратылыстану пәндерін зерттеуге арналған заманауи кабинет, 7 мың кітап қоры бар кітапхана болады. Сонымен қатар кампус IQanat мектебінің сыйымдылығын қосымша 120 орынға арттырады.  width= Freedom House жобасы 2023 жылдың күзінде Қазақстанның барлық ауылдарынан оқушыларды қабылдайды. Алдағы уақытта 500-ден астам ауыл баласы, IQanat олимпиадасының финалистері қосымша білім алу үшін жыл бойы мектепке келе алады.
«Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі табысты болашақтың кепілі. Бұл жағынан IQanat мектебі Қазақстандағы ең озық мектептердің бірі болып отыр. Мұнда оқушылардың білімді, білікті азамат болып ер жетуіне, дарынын шыңдап, қабілетін дамытуға бүкіл жағдай жасалған. Бірақ, ең маңыздысы, мектеп еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға бірдей мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда IQanat мектебінде тегін білім алып жүрген дарынды оқушылардың 80%-дан астамы ауылдан шыққан. Мектеп түлектері отандық және шетелдік ірі университеттердің грантын иеленіп жүр. Freedom House қолдауымен білім ошағының сыйымдылығы тағы 120 орынға артпақ. Сол арқылы біз ертең еліміздің зияткерлік, бизнес немесе саяси элитасына айналатын жастарды көбірек тәрбиелей аламыз», - деді Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Айта кетейік, IQanat – 100-ден астам қазақстандық кәсіпкердің ауыл балаларына қолдау көрсету ниетімен бой көтерген білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушысы білім алып, жүздеген ауыл балалары Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары