Ақтауда науқас аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

Ақтауда науқас аурухананың екінші қабатынан құлап кетті

Ақтауда науқас аурухананың екінші қабатынан құлап кетті
ашық дереккөзі
50284
Ақтауда аурухананың екінші қабатынан 54 жастағы пациент құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық көпбейінді аурухананың 2-қабатынан құлаған 54 жастағы бейнеулік 6 наурыз күні травмотология бөліміне түскен. Дәрігерлер тексерген кезде сол жақ шынтағының шыққанын анықтап, салып береді. Ал жоспарлы ота 10 наурызға қойылған. Алайда науқас таңертеңгі 07:15-те травмотология бөлімінің терезесін сындырып, 2-қабаттан құлап түседі. Науқастың оң жамбас сүйегі сынып, қазір реанимацияда жатыр. Жағдайы - тұрақты ауыр. Ал ертең сол шынтағы мен оң жамбасына операция жасалады деп жоспарланған.
«Есін біледі, сұрақтарға жауап береді. Бірақ науқас құлауының себебін айтпайды. Қазір жалпы жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 3-4 метр биіктіктен құлаған. Кезекші травмотолог, реаниматолог, қосымша дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткен», - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травмотология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.

Серіктес жаңалықтары