360
Күдікті есірткіні мүшеқапқа салып өтпек болған
Күдікті есірткіні мүшеқапқа салып өтпек болған
Қостанайлық шекара қызметкерлері бір айдың ішінде түрлі жолмен есірткі алып өтпек болған күдіктілерді ұстады. Тұтқындалғандардың арасында тыйым салынған затты мүшеқапқа салып өтпек болғандар да бар. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Майор Бахрам Дараевтың айтуынша, шекарашылар жыл басталғалы бері түрлі есірткі тасымалдаушылардың жолын кескен. Олардың арасында 8 келі есірткіні жасырып өтпек болғандар да кездесті.
Шекарашыларды мүшеқапқа есірткі орап алған тұрғын таң қалдырды. Тексеру барысында мүшеқаптың ішінен 40 грам күлгін және жасыл түсті тыйым салынған зат табылған.
Қазіргі таңда шекарашылар есірткі заттарын алып өтпек болғандарға қатысты тексеру жүргізуде