Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогында жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогында жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогында жеңімпаз атанды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50305

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Бакуде өткен Әлем Кубогы кезеңінде Нариман Құрбанов жеңіске жетті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов хабарлады деп жазады turkystan.kz.

"Қазақстандық спортшы ат үстінде жаттығуда үздік атанды. Ол 15.300 ұпай жинап, Ирландия мен Албаниядан келген қарсыластарынан басым түсті.

Айта кетерлігі, ұлттық құрама өз тарихында тұңғыш рет әлем кубогының бір кезеңінде бірден екі алтын жүлдеге ие болды. Алғашқы алтынды Милад Карими жеңіп алған болатын. Ал Нариман бір апта бұрын Катарда өткен жарыс кезеңінде де үздік танылғанын атап өткен жөн.

Гимнасттарымыздың үздік нәтижелері бізді ерекше қуанышқа бөлейді. Барша қазақстандықтарды осы жеңіспен құттықтаймын, Нариманға алдағы сайыстарда да толағай табыс тілеймін!" - деп жазды министр.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Nagi Bakytbekov (@nagibakytbekov)

Серіктес жаңалықтары