50712
Жаңбыр, жел: бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, жел: бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 13 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, одан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.