«Үздік актриса» номинациясы: «Оскарды» алғаш рет азиялық әйел жеңіп алды

«Үздік актриса» номинациясы: «Оскарды» алғаш рет азиялық әйел жеңіп алды

«Үздік актриса» номинациясы: «Оскарды» алғаш рет азиялық әйел жеңіп алды
ашық дереккөзі
51062
Лос-Анжелесте америкалық кино өнері академиясының 95-марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың «Оскар» сыйлықтары табысталды деп хабарлады turkystan.kz.

Марапатталғандар:

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Ең үздік қысқаметражды фильм - «Ирландша қоштасу».

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы».

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий - «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс - «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж — «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік режиссер - «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса - Мишель Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм - «Барлығы барлық жерде және бірден».

Серіктес жаңалықтары