«AMANAT» партиясының кандидаттары: педагогтерге көп көңіл бөлінеді

«AMANAT» партиясының кандидаттары: педагогтерге көп көңіл бөлінеді

«AMANAT» партиясының кандидаттары: педагогтерге көп көңіл бөлінеді
ашық дереккөзі
50154
Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Татьяна Анцибор және Ербақыт Амантайұлы Петропавлдағы «Дарын» мектеп-лицейінің ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Сайлауалды бағдарлама туралы айта келе, Татьяна Анцибор «AMANAT» партиясы оқуға ынталандыратын орта құруға ниетті екенін атап өтті. Бұл ретте балалар мен мұғалімдерге жүктеме оңтайландырылатын болады. Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар инфрақұрылымды дамытуды қолдау және тұрғын үйге қолжетімділік мәселелері талқыланды.
«Партия 841 мың шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойып отыр. Сондай-ақ біз жеке үйлер салу үшін кемінде 1,7 мың жер телімін беруге ниеттіміз. Жүргізілетін құрылыс жұмыстарының сапасы мен кезектіліктің ашықтығы «AMANAT» партиясының бақылауында болады», - деп атап өтті Ербақыт Амантайұлы.
Кездесу барысында білім беру мекемесінің қызметкерлеріне Петропавл емханаларында дәрігерлер мен тар бейінді мамандардың тапшылығы мәселесі туралы айтылды. Сондай-ақ кандидаттар халықтың табысын ұлғайту мәселесін қозғады.
«Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін партия жаңа объектілер салуға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға, сондай-ақ жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға ықпал ететін болады. Сондай-ақ дәрігерлерге көтерме төлемдер төленетін болады. Бұл уақтылы медициналық көмек көрсету мәселесін шешуге көмектеседі», - деді Татьяна Анцибор.
Табысты арттыруға келетін болсақ, кандидаттар атап өткендей, алдағы 5 жылға жасалған жоспарда орташа жалақыны 339 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары