Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды

Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды

Еліміздің күнтізбесіне екі кәсіби мереке қосылды
ашық дереккөзі
50270
Еліміздің мерекелік күнтізбесі жаңа даталармен толықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. ҚР Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалімдер күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары