Respublica партиясының кандидаттары Семей және Қарағанды тұрғындарымен жүздесті

Respublica партиясының кандидаттары Семей және Қарағанды тұрғындарымен жүздесті

Respublica партиясының кандидаттары Семей және Қарағанды тұрғындарымен жүздесті
ашық дереккөзі
50308

Respublica партиясынан ұсынылған кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары Семей мен Қарағандыда жалғасты. Партиялықтар Қарағанды ​​мен Абай облыстары тұрғындарының түйткілді мәселелерін талқылады деп хабарлады turkystan.kz. 

Семейде Respublica-лықтар зиялы қауым, өнер және жастар өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар қала мен облыстың мәселелерін жан-жақты айтты. Шараға 500-ден астам адам қатысты. Белгілі болғандай, халықты Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге көмек көрсету, сапалы білім мен денсаулық сақтау, Қытай Халық Республикасымен визасыз режим мәселелері алаңдатып отыр. Сапар аясында Respublica партиясының мүшелері «Семей – Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай мен Шәкәрім мемориалдық кешенін де аралады. Ал Қарағандыда Respublica-лықтар Қарағанды машина жасау зауытының еңбек ұжымымен және «Қолғанат-Қарағанды» ЖШС еңбеккерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесулерге қатысушылардың жалпы саны 500-ге жуық адамды құрады. Сонымен қатар, Қарағандыда партия мүшелері аймақтық штабта болып, С.Сейфуллин атындағы театрда облыс халқымен кездесу өткізді.  

Серіктес жаңалықтары