«AMANAT»: кандидаттар Бородулиха ауданының сайлаушыларымен кездесті

«AMANAT»: кандидаттар Бородулиха ауданының сайлаушыларымен кездесті

«AMANAT»: кандидаттар Бородулиха ауданының сайлаушыларымен кездесті
ашық дереккөзі
50193
Бір мандатты сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұртай Сабильянов пен Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов Бородулиха ауданының сайлаушыларымен кездесті. Депутаттыққа кандидаттар 19 наурызда дауыс беру қалай өтетіні және қанша бюллетень болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Соңғы 25 жылда тарихымыздың жүз­деген жылда­рында армандап, қолымыз жетпеген, бұрын-соңды болмаған құндылықтар мен игіліктерге қол жеткізе алдық. Осының барлығы Үкіметтің, онымен тікелей жұмыс істейтін партияның арқасында жасалған. Бүгінде біз әр адам туралы әлеуметтік желілерден, интернеттен ақпарат ала аламыз, өмірбаянын оқып, оның саясатқа көзқарасын түсіну қиынға соқпайды. Бұл ретте «AMANAT» партиясының қатарындағы барлық деңгейдегі депутаттыққа үміткерлердің құрамы 75% - ға жаңартылды. Мемлекетімізде көрші елдерде орын алып жатқан келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек. Үкіметіміздің, партиямыздың басты мақсаты, бұл -  бейбітшілік» , -  деп атап өтті Қуаныш Серқазыұлы.
Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары