Respublica партиясы қалаларды автобуспен аралайды

Respublica партиясы қалаларды автобуспен аралайды

Respublica партиясы қалаларды автобуспен аралайды
ашық дереккөзі
50290
Бүгін Алматыда Respublica партиясы жетекшілері, сондай-ақ депутаттыққа кандидаттар мінген автобус аймақтарға сапарын бастады. Халықпен алғашқы кездесу оңтүстік астанада өтті. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров пен тең төрағалар – Нұрлан Қоянбаев, Бейбіт Әлібеков, Максим Барышев және Сырымбек Тау Қазақстан қалаларын аралап шығады. Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова мен Respublica партиясы аппаратының меңгерушісі Олжас Құспеков те қатысты.
Айдарбек Қожаназаров өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, кез келген саяси жеңістер мен экономикалық жетістіктер адами капитал сапасының жақсаруына және азаматтардың өміріндегі оң өзгерістерге әкелмесе, онда оның шынайы құны болмайды. Елдің басты байлығы – халқы, қазақстандықтар, оған құйылған инвестиция білікті жұмыс күші, экономиканың дамыған салалары, ел экономикасының өсуі түрінде қайтарылады. «Қазақстандықтар елде демонстрациялар қолдайтын күшті, салауатты балама бар екенін білуі және түсінуі керек. Қазіргі жүйенің балама нұсқасын көргісі келетіндердің саны артып келеді, сондықтан елдегі қазіргі жағдайда адамдардың өз рөліне деген көзқарасын өзгерту үшін жеңіс қажет. Жаңа Қазақстанның барлық азаматтары саяси шешімдердің қабылдануына ықпал ете алуы керек», - деп атап көрсетті Respublica партиясының төрағасы.
Сондай-ақ А.Қожаназаров кеше, 18 ақпанда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының ресми түрде басталғанын мәлімдеді. Осы сәттен бастап мыңдаған еріктілер мен партия мүшелері партияның идеялары мен мақсаттарын белсенді түрде насихаттауға кірісті.
«Бұл процеске әркімнің қатысуы маңызды. Ал елорданың ауа райының қолайсыздығына қарамастан, партиямыздың басшылығымен бірлесе үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан барша жақтастарыма алғысымды білдіремін. Сондай-ақ бүгін осында жиналған барша қазақстандықтарға ерекше ризашылығымды жеткіземін. Бүгінгі халықпен алғашқы кездесуде көпшіліктің қолдауын сезіну бәріміз үшін өте маңызды! Бүгін біз автобуспен сапарымызды бастаймыз. Біз партиямызды, оның бағдарламасын халыққа жеткізу үшін жолға шығамыз, бірақ ең бастысы – жерлестерімізді алаңдатып отырған мәселелерді өз ауыздарынан естіген жөн», - деді А.Қожаназаров.
Алматы қаласынан ReBus автобусы Талдықорғанға жол тартты, ондағы республикалықтар азаматтармен кездесулер өткізіп, қазақстандықтардың өзекті проблемаларын, оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылайды. Айта кету керек, партияның сайлауалды бағдарламасы қазақстандықтар өмірінің түрлі салаларындағы құрылымдық қайта жаңғыртуларға бағытталған. Партия қоғамның орта тапының негізін құрайтын шағын және орта бизнесті дамытуды жақтайды. Ал орта тап – мемлекет тұрақтылығының кепілі. Respublica бизнеске кедергілермен күреседі, мәселен, бюрократия, сыбайлас жемқорлық, несие берудің жоғары пайызы, орасан зор салық ауыртпалығы, шексіз және тез ауысып жататын реформалар, экономикаға мемлекеттің шамадан тыс қатысуы сияқты мәселелердің шешімін табуға тырысады. Бұл ретте партия мемлекеттік органдардың қызметіне бірізділік пен заманауи цифрлық технологияның жетіспейтін іскерлік тәсілдерін енгізуді жақтайды. Барлық идеялар партияның билікте ашықтыққа қол жеткізуге, оны ашық және бәсекеге қабілетті етуге ұмтылысын көрсетеді. Бағдарлама қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жолдарына бастамашы болып, ел дамуының негізгі бағыттарына партияның нақты көзқарасын көрсетеді. Әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпкерлерден құралған Respublica елдің табиғи ресурстарына негізделген экономикасын инновациялар мен IT-стартаптар, «күрделі» өнімдері бар компаниялар, әлеуметтік жауапты және экологиялық таза бизнеске айналдырудың жолын біледі.

Серіктес жаңалықтары