Екі күнде Respublica кандидаттары 5 мыңнан астам қазақстандықпен кездесті

Екі күнде Respublica кандидаттары 5 мыңнан астам қазақстандықпен кездесті

Екі күнде Respublica кандидаттары 5 мыңнан астам қазақстандықпен кездесті
ашық дереккөзі
50159
Үгіт-насихат жұмыстарының екі күнінде өңірлердегі партия жетекшілері мен Respublica өкілдері 5 мыңнан астам азаматпен кездесу өткізді. Партияның сапары 19 ақпан күні Алматы қаласында басталған. Бүгін үгіт-насихат туры желісімен Respublica партиясының жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттары Жетісу өңіріне барды. Сапар барысында партиялықтар облыстағы бірқатар елді мекен мен Талдықорған қаласында болды. Облыс орталығында «Жақтастар» форумы мен партия жетекшілерінің, депутаттыққа кандидаттардың және республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің қала халқымен кездесуі өтті, оған 1 мыңнан астам тұрғын қатысты. Форум жұмысына партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айдарбек Қожаназаров және тең төрағасы Сырымбек Тау, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Олжас Құспеков, Қырмызы Жандосова, Бақытбек Хамит, Екатерина Смолякова, Динара Наумова және Олжас Болатбекұлы атсалысты. Жиында партия мүшелері, жергілікті кәсіпорындардың жұмысшылары, азаматтар мен қоғам белсенділері еліміздің дамуы мен өркендеуіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да жеткізді. Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген реформаларды жан-жақты талқылады.
«Біз ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істемедік, тендерлерге қатыспадық, бірақ мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, халқымыздың игілігі үшін еңбек еттік! Енді біз қарапайым қазақстандықтарды лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ету үшін халықтың мүддесін қорғауға, әділдік үшін күресуге дайынбыз! Біздің басты байлығымыз – Қазақстанның сауатты, тәуелсіз және қайсар халқы!», – деді партия жетекшісі Айдарбек Қожаназаров.
«Жақтастар» форумында сөйлеген сөзінде Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова Respublica партиясы атынан жастарға үндеу тастады.
«Біз елдегі жастардың даму болашағы жарқын болғанын қалаймыз. Олар елімізді көркейту үшін Қазақстанға қызмет етуі тиіс. Жастар – еліміздің болашағы. Қазір араларыңда қыздар да көп. Өзім ірі машина жасау кәсіпорнын басқарамын және мен Қазақстан үкіметінде әйелдердің барынша көп болғанын армандаймын!»,- деді Д.Шүкіжанова.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаттығына кандидат Қырмызы Жандосова Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтты. Сондықтан қазіргі уақытта оның жүйелілігін қамтамасыз ету қажет, қаржыландыру қалалар мен ауылдарда бірдей болуы керек.
«Спорттық нысандар көп әрі барлығына қолжетімді болуы маңызды. Сонда ғана бұқаралық спорттың дамуынан нәтиже күтуге болады», - деп атап өтті Қ.Жандосова.
Айта кетерлігі, елімізде де, шетелде де ұлттық мәдениет пен спортты дамытудың тиімді тетіктерін жасау Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Осылайша, қазақстандық спортты дамытуға бөлінген мемлекет қаражатын бөлудің қолданыстағы жүйесі жоғары нәтижелі спорт саласында да, бұқаралық спортта да ұлттық мүдделерді ескеретін кешенді талдауды қажет етеді.
«Мен партияға кірген кезде өзіме «Неге мен?» деген сұрақ қойдым. Менің ойымша, барлығы бірдей осы сұрақты қоюуы керек. Мен 19 наурызда неге, кім үшін барып дауыс беруім керек? Өйткені, бұл біздің мемлекет және оның мәселелерін тек біз ғана шеше аламыз! Ертең біз Қазақстанның болашағына өз үлесімізді қосқанымызға сенімді болуымыз керек!», - деді Respublica партиясы аппаратының жетекшісі, Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Құспеков.
Respublica партиясының көшбасшылары Жетісу өңіріне барған сапарында Кербұлақ ауданы Сарыөзек қаласының тұрғындарымен де кездесіп, оған 200-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ партиялықтар облыстық сайлауалды штабында болып, партияның өңірден сайланған кандидаттарымен кездесу өткізіп, еңбек ұжымдарымен, пікірлестермен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Серіктес жаңалықтары