50403
Ауыз су мәселесі – Маңғыстау облысының басты мәселелерінің бірі
Ауыз су мәселесі – Маңғыстау облысының басты мәселелерінің бірі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша жазғы кезеңде тәулігіне 51 мың м3 ауыз су тапшылығы туындайды.
Жазда тұщы су көздерінің жетіспеушілігіне байланысты халыққа су кесте бойынша беріледі. Бүгінгі таңда аймақ негізінен «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры және тұщыланған теңіз суы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
«Аталған факторлар мыңдаған азаматтарымыздың өмір сапасын күрт төмендетіп, денсаулығына зиянды әсер етуде. Еліміздің басты байлығы – азаматтар болғандықтан, біз аталған мәселені жүйелі шешуіміз керек. Ең бірінші, су саласында орын алуы мүмкін қатерлерді ескере отыра нақты ұсыныстар беретін мониторингтік талдау орталығын құру қажет. Екіншіден, мұнай-газ компаниялары өз есебінен шағын су тұщыландыру қондырғыларын орнатып, су құбырларын жаңартуын жүргізуіне ықпал ету. Сонымен бірге жер асты суын сенімді су көзіне айналдыру мәселелерін қолға аламыз», - деді Әли Бектаев.