Металлургтер «Ақ жолдың» бағдарламасын қолдайды

Металлургтер «Ақ жолдың» бағдарламасын қолдайды

Металлургтер «Ақ жолдың» бағдарламасын қолдайды
ашық дереккөзі
50188
Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясының Республикалық штабы Тараз қаласының еңбек ұжымдарымен кездесуін жалғастыруда. «Ақ жол» демпартиясы үгіт-насихат кампаниясы аясында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, қала және ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Бүгін партия лидері Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлермен бірге «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС мен «Амир және Д» ЖШС ұжымдарымен және қалалық базардың шағын кәсіпкерлерімен кездесті. TMЗ ферроқорытпалар шығарып, жақын және алыс шетелдерге жеткізеді. «Амир және Д» ЖШС дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру бойынша қызметті жүзеге асырады. «Ақжолдықтар» кәсіпорындардың жұмысымен, металлургиялық пештегі балқыту жұмыстарының барысымен танысып, кәсіпорындардың электр қуаты мен отандық реактивтердің тапшылығы сияқты мәселелерді талқылады. Кездесулер барысында партия төрағасы партия саяси бағдарламасының алты басым бағытын атады: Тәуелсіздік пен «Алаш» ұлттық идеясы, демократия және парламентаризм, сыбайлас жемқорлық және де-офшоризациямен күрес, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау, сыртқы саясат. Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан соң, жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Көпшілікті әлеуметтік әділеттілік мәселесі, атап айтқанда, тұтыну себетінің нақты құнын анықтау пункті мен «Ақ жол» демпартиясының бұл бағытта атқаратын жұмыстары қызықтырды.
«Бүгінгі таңда ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері АЕК арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш қалай есептеледі? Мысалы, мен экономистпін, бірақ оның қайдан шығатынын түсінбеймін. Біздің ойымызша, ең төменгі зейнетақы мен жалақыны нақты жағдайларға қарай есептеу керек. Ең алдымен, азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметтерді қоса алғанда, тұтыну себетінің құнына қарай анықталуы қажет. Біз бірнеше рет осындай ұсыныстар жасадық, бірақ мемлекеттік органдар мұндай шешімге дайын емес», - деп жауап берді партия басшысы.
Металлургтермен кездесуде партия төрағасы «Ақ жол» демпартиясының ауыр мамандық иелері болып табылатын әйелдер мен еңбек адамдарының зейнет жасын қысқарту туралы талабына тоқталды. «Ақ жол» демократиялық партиясы осы бағыттағы жұмысын жалғастыра бермек. Сондай-ақ Азат Перуашев «ақжолдықтардың» кәсіпорын басшылығымен тұрақты байланыста және түйткілді мәселелерден хабардар екенін атап өтті. Өндірістік мәселелерден бөлек, жұмысшылар қаланың абаттанлырылуына, жолдардың жай-күйіне және қала мен зауыт арасындағы бағыттағы автобустардың жеткіліксіздігіне сын айтты. «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мұханбетәлі Шалқарбеков жергілікті мәслихаттағы партия депутаттарының қаланы абаттандыру бойынша бұған дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, сайлаудан кейін «Ақ жолдың» жаңадан сайланған депутаттары осы мәселеге қайта оралатынына уәде берді. Сонымен қатар ол әдетте әкімдік бұл мәселелерге бюджет қаржысы жетіспейді деп жауап беретінін атап өтті. Демпартия лидері қазіргі бағдарламада әлі де тиісті деңгейде пайдаланылмаған бірнеше бюджеттік резервтер көрсетілгенін қосты.
«Мысал келтірейін. Пандемия шарықтаған тұста Президент Қ.Тоқаев көптеген кәсіпорындар жұмыс істемей тұрғандықтан, әлеуметтік бағдарламаларды жабу үшін ұлттық компаниялар табысының 100 пайызын бюджетке аударуға тапсырма берген. Ұлттық компаниялар президенттің тапсырмасы бойынша 16 пайыз ғана аударған. Сондықтан, әріптестеріміз үкіметке көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, т.б. мәселелер бойынша жүгінгенде, шын мәнінде оларды шешу мүмкіндіктері бар, бірақ олар бюджетке түспейді. Осыған байланысты, «Ақ жол» демпартиясының жүйелі талаптарының бірі – ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің 100 пайыз табысынан бастап, барлық мемлекеттік қаражатты парламенттің толық бақылауына қайтару», - деді Азат Перуашев.
Шағымдардың бір бөлігі баспана мен оның жалға алу ақысының қымбаттауына, жастарға қолжетімді баспананың жоқтығына қатысты болды. Аталмыш мәселелердің барлығын «Ақ жол» демпартиясы атынан қалалық және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттары назарға алды. Қалалық базарда «ақжолдықтар» шағын кәсіпкерлермен тілдесті. Олар болашақ депутаттардан, «Ақ жол» демпартиясының бағдарламасында жазылғандай, шағын бизнесті толықтай патентке көшіруге, ол үшін патент бойынша жылдық айналымды 25-30 млн тг дейін көтеруге, жалдамалы жұмысшыларға рұқсат беруге, сонымен қатар, 30 мың АЕК дейінгі ҚҚС шегін қайтаруға қалайда қол жеткізуді өтінді. Жүйелі мәселелерді «Ақ жол» демпартиясы алдағы уақытта да Парламентте Үкімет алдында көтеретін болады», - деп сендірді республикалық штаб мүшелері.

Серіктес жаңалықтары