50225
Балалар ойнайтын ауладан 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Балалар ойнайтын ауладан 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Алматыда полиция танысын пышақтаған күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz полицияға сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 15 наурызға қараған түні Самал-3 шағынауданындағы балалар алаңқайының бірінен ер адамның денесі табылған.
Тәртіп сақшылары деректі Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар ішімдікті бірлесіп ішкен. Содан кейін олардың арасында жанжал туындап, танысы 35 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Полиция қылмыстың ізін суытпай ашты. 2001 жылы туған Д. атты күдікті анықталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.