Қазақ тіліне және шымкенттіктерге тіл тигізген қыз түсініктеме берді

Қазақ тіліне және шымкенттіктерге тіл тигізген қыз түсініктеме берді

Қазақ тіліне және шымкенттіктерге тіл тигізген қыз түсініктеме берді
ашық дереккөзі
50939
Алматыда тұратын Эмилия есімді сән үлгісін көрсететін қыз қазақ тілі мен шымкенттіктер туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz. Press.kz басылымының жазуынша, Эмилия сұхбат кезінде расында біреуді ренжіткісі келмегенін, оның айтқанын халық дұрыс түсінбегенін ашып айтты. Ол өзінің елін сүйетінін, салт-дәстүрін сылайтынын жеткізді. Оның бұған дейін жасаған шулы мәлімдемесі тек өзіне қарата ауыр сөздер айтқан шымкенттік әйелге қатысты екен. Бұл туралы өзі айтты.
«Мен бұған дейін Астанада тұрдым. Кейін бұрынғы күйеуіме Шымкентке көшіп келдім. Бірден ақиқатын айтайын, оңтүстіктегі сән үлгісін көрсететін әріптес қыздар өзара тек қазақша сөйлесетін болды, ал олар менің қазақша түсінбейтінімді жақсы біледі. Мұны мен әсіреұлтшылдық деңгейіндегі буллинг деп айтар едім. Бұл жағдай екі жылға созылды. Кейін бір келіншек пікір алаңына маған қарата қазақша өте ауыр сөздер жазып кеткен. Достарыма айтып, ол сөздерді қазақшаға аудартып алдым. Видеода менің ішкі эмоциям сыртқа шығып кеткен болар, алайда менің қазақ тіліне тікелей ешқандай қорлау мақсатындағы ойым жоқ. Бұл тек сол мені балағаттаған әйелге арналған сөздер еді», - деп түсіндірді Эмилия.
 width= Қазір сән әлемінің аруы Ыстамбұлға ұшып кеткен. Онда бірнеше күн уақыт өткізіп, қайтып Шымкентке оралады. Кейін оңтүстіктен көшіп кететінін, ол жақтың оған жақпағанын айтады.

Серіктес жаңалықтары