Жыл сайын 7,5 млн адамның өмірін қиятын дерттің емі қандай?

Жыл сайын 7,5 млн адамның өмірін қиятын дерттің емі қандай?

Жыл сайын 7,5 млн адамның өмірін қиятын дерттің емі қандай?
ашық дереккөзі
50424
Жүрек – ағзадағы ең маңызды орган. Жүрек бұлшықетінің жасушалары адам қанша жыл өмір сүрсе, сонша жыл жұмыс істейді. Десе де тамыр толығымен немесе ішінара жабылса, жүректің қан айналымы нашарлап, жасушалардың бір бөлігі өледі. Жүректің ортаңғы етті қабығы, яғни кардиомиоциттер көбейе алмайды. Статистикаға сүйенсек, әлемде жыл сайын жүрек талмасынан  7 400 000-нан астам адам қайтыс болады. Әрине, ешкім инфарктан 100% сақтандырылмаған. Бірақ, дұрыс өмір салтын ұстанбаған адам белгілі бір факторлардың әсерінен денсаулығына зиян тигізіп, жүрек талмасына ұшырауы мүмкін. Кардиолог дәрігер Айнұр Жүнісованың айтуынша, жүрек талмасының пайда болуына тұқымқуалаушылық, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, ішімдікті мөлшерден көп ішу сияқты бірнеше факторлар әсер етеді. Ол жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуының себептері мен алдын алу шараларын атады: - Ең алдымен темекіден, ішімдіктен, энергетикалық сусындардан толықтай бас тарту қажет - Дұрыс тамақтану - Тұзды пайдалану мөлшерін азайту – тәулігіне 4 грамм - Құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану - Холестерині мол азық-түлікті шектеу: жұмыртқаның сары уызын, майды, етті, ет пен балықтың майлы өнімдерін, бауырды, мал майларын - Сонымен қатар сорпа, кофе, қою шай сияқтылардан аулақ болған жөн - Көкөніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану - Дене белсенділігін арттыру (күніне 10000 қадам жүру, велосипед тебу немесе жүзу) - Ұйқы, демалысты реттеу (күніне 7-8 сағат ұйықтау) - Қан қысымын қадағалау - Қандағы қант, холестерин мөлшерін қадағалап отыру керек. Кардиолог дәрігер жүрек талмасы ұстағанда төстің артқы жағы қатты күйдіріп, қысып, батып, тырнап ауырсынатынын айтты. Көбінесе сол жақ иық, төменгі жақ (тіс ауруы) жауырын асты шаншиды. Жүрек талмасы ұстайтын адамдар суық жабысқақ термен жүреді. Бойын жиі қорқыныш бойлайды, әлсіздік пайда болады, ентігу қосылады. Кей жағдайларда жүрек талмасының «қалыптан тыс» белгілері болуы мүмкін. Мысалы, іштің ауруы немесе ас қорыту жүйесінің аурулары. Дәрігер әрбір адам жүрек талмасының алғашқы белгілерін білуі тиіс дейді. Бұл өзінің немесе жақын адамының өмірін сақтап қалу үшін дер кезінде жедел жәрдем шақыру үшін керек. Егер жаныңыздағы адамда жүрек талмасының белгілерін байқасаңыз, онда дәрігер төмендегі әрекеттерді істеуге кеңес береді. — адамды жартылай отырғызу керек; — жедел жәрдем шақырыңыз; — денесін қысатын киімдерден босатыңыз; — терезелерді ашып қою; — науқасты тыныштандыруға тырысыңыз; — нитроглицеринді тілінің астына салыңыз. Нитроглицеринді 3 таблеткаға дейін ғана беруге болады. Одан артық беру науқас үшін қауіпті. — аспирин таблеткасын ұнтақтап беру керек; Сонымен қатар дәрігер жыл сайын профилактикалық медициналық қараудан өтіп тұруға кеңес берді (скрининг, чекап). Тексерістен өту арқылы қауіпті факторлар мен аурудың ерте сатысын анықтауға болады.    

Серіктес жаңалықтары