Кандидаттар Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» ұжымымен кездесті

Кандидаттар Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» ұжымымен кездесті

Кандидаттар Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» ұжымымен кездесті
ашық дереккөзі
50304
Бүгін Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында орналасқан қалалық музейде «AMANAT» партиясынан Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Аманжол Әлтай, Ұлытау облыстық мәслихатына партиялық тізім бойынша үміткерлер Бауыржан Шыңғысов, Саят Балмағамбетов, Зина Ақылбекова, Нұргүл Талғатбекова және бір мандатты округтер бойынша облыстық, қалалық мәслихатына үміткерлер кездесу өткізді.
Бос сөз, құрғақ уәде емес. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын қысқаша осылайша сипаттауға болар еді. Мұнда бұрынғыдай тау қопарып тастайтын, аспандағы айды қолға қондыра қоятын жалаң ұран жоқ. Бағдарлама түзілмес бұрын әбден елеп-екшеліп, қаржылық мүмкіншіліктер ескеріліп барып қана қабылданды, - деді А.Әлтай.
Жиналғандар тарапынан жемқорлықпен күрес, жастардың жұмыспен қамтылуы, медициналық мамандардың жетіспеушілігі секілді мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясының еңбек ұжымдарының қалалармен байланысының әлсіздігі де айтылды. Қаланың қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік  жұмысына  «Қазақмыс» көбірек араласуы керек. Депутаттыққа үміткерлердің арасында жастардың көбірек байқалатыны да әңгіме арқауына айналды. Бұл орайдағы тың:
«Жастар осы бастан қаланың шаруашылығына аралассын. Көрсін, білсін, шыңдалсын. Өйткені, болашақ - солардың қолында. Ендеше, олардың депутат болуға ұмтылыстарын тек қана қолдау керек», - деген сөзі көптің көңілін дөп басқандай болды», - деді Бауыржан Шыңғысов.
Басқа да қойылған сауалдарға, көтерілген мәселелерге тиісті жауаптар қайтарылды.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары