50332
Банкрот болған адамдардың өтініші қандай жағдайда қабылданбайды?
Банкрот болған адамдардың өтініші қандай жағдайда қабылданбайды?
Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша соттан тыс рәсім арқылы берілген өтініш саны кейінгі жағдай бойынша 20 мыңнан асты. Алайда кейбір жағдайда өтініш кері қайтарылуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, алдын ала жүргізілген тексеру кейбір азаматтардың мына себептеріне байланысты банкроттықты қолдана алмайтынын көрсеткен:
- 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелгені;
- борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы;
- банкпен не МҚҰ реттеу рәсімін жүргізуі туралы құжаттың болмауы;
- дара кәсіпкер ретінде тіркелгені;
- атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы.
"Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі", - делінген хабарламада.Қазақстандықтар мұндай хабарлама алған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе, 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгіне алады.