«AMANAT»: тұрғындардың өтініштері басты назарда

«AMANAT»: тұрғындардың өтініштері басты назарда

«AMANAT»: тұрғындардың өтініштері басты назарда
ашық дереккөзі
50217
«AMANAT» партиясынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Қанат Әділбаев «Эйкос» ЖШС бөлімше ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, алдағы жылдары облыста қандай мәселелерді шешу қажеттігі және оларды шешу үшін өңір бойынша қандай жобалар жоспарланғаны туралы айтылды.  width=
«Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясы толығымен жаңартылды. Оған әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшелері, әр түрлі сала мамандары кірді. «AMANAT» партиясының бағдарламасы республикамыздың, облысымыздың және қаламыздың барлық аспектілерін қамтиды», - деді Қанат Әділбаев.
Ол туған қаласын жан-тәнімен қолдай отырып, қалада жоспарланған жобаларды өз уақытында саналы түрде бағалау маңызды екенін, оларды инвестициялау керек екенін атап өтті. Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары