50352
Депозиті бар адамдарға мемлекеттен ақша түсе бастағаны рас па?
Депозиті бар адамдарға мемлекеттен ақша түсе бастағаны рас па?
Теңгелік салымдар бойынша өтемақы есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге түсті деп хабарлады turkystan.kz Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап.
"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау биыл 10 ақпанда аяқталды.