«Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС ұжымы «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасымен танысты

«Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС ұжымы «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасымен танысты

«Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС ұжымы «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасымен танысты
ашық дереккөзі
50218
«AMANAT» партиясы Абай облысының сайлауалды штабы «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС ұжымымен кездесті. Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Марат Сандыбаев, Анжела Маслова, Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Әліби Абдураимов сайлаушыларға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы, Абай облысында одан әрі қандай жобалар жоспарланғаны туралы айтып, үгіт материалдарын таратты. Кездесу барысында сайлаушылардың сұрақтары тыңдалып, ұсыныстары мен өтініштері қабылданды. Мысалы, Степной, Бобровка аудандарының тұрғындары қоғамдық көліктің нашар жұмысына шағымданып, желідегі автобустардың санын көбейтуге жәрдемдесуге көмек сұрады. Сондай-ақ азық-түлік бағасының көтерілуі бойынша шағымдар келіп түсті. Депутаттыққа кандидаттар наурыз айында осы мәселеге арналған мониторингтік топтардың жұмысы жалғасатынын атап өтті. Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары