Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары – Меруерт Кенжебайқызы

Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары – Меруерт Кенжебайқызы

Сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары – Меруерт Кенжебайқызы
ашық дереккөзі
50336
Бақылаушылар институтының деңгейі артқанын және дәл осы саяси оқиғаға халықтың белсенді қатысып жатқанын айтқан саясаттанушы Меруерт Кенжебайқызы turkystan.kz тілшісіне пікірін білдірді.
«Біріншіден, сайлаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары және сайлау учаскелерінде цифрлы Қазақстан мүмкіндігін ескере отырып, еш кедергісіз электронды жеке куәлікпен дауыс беруге қатысуға болатыны өте дұрыс. Болашақта Орталық сайлау комиссиясы осындай үрдісті дамытып мысалы, азаматтардың сайлау округінен шығып, қайта тіркелуіне қатысты арызды электронды түрде жүзеге асыруды енгізсе, азаматтарға тиімді болар еді», - дейді саясаттанушы Меруерт Кенжебайқызы.
Саясаттанушы халықаралық байқаушылардың маңызды екенін де атап өтті.
«Бүгінгі сайлауда байқаушылар саны көп және тым белсенді жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеде сайлау процесінде әр елдегі сайлау заңнамасының сапасын, адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғаудың жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкестігін және демократиялық сайлау өткізу тәжірибесінің маңызын қамтамасыз етуде. Сондықтан да, халықаралық байқаушылар маңызды. Бүгінгі сайлауда да көптеген мемлекеттен келіп жұмыс жасап жатқан халықаралық байқаушыларды байқадық. Үшіншіден, мажоритарлық сайлау жүйесімен түсіп жатқан кандидаттар өз саяси амбицияларын қолдануға жақсы мүмкіндік алып отыр. Бұл дегеніміз, бізде қажет нәрсенің бәрі қазірдің өзінде бар - сайлауға қатысу тәжірибесі, электорат арасында танылу және сайлауалды тұғырнаманы одан әрі жетілдіру мүмкіндігі», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары