Жаңа партиялар мен жастар саяси додаға түсіп жатыр – Қайдарова

Жаңа партиялар мен жастар саяси додаға түсіп жатыр – Қайдарова

Жаңа партиялар мен жастар саяси додаға түсіп жатыр – Қайдарова
ашық дереккөзі
50350
«Қазақстандық Қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова бүгін өтіп жатқан Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысты turkystan.kz тілшісіне пікір білдірді.
«Бұл сайлау мажоритарлы сайлау жүйесімен және бір мандатты кандидаттардың, өзін-өзі ұсынушы жеке кандидаттардың шығуымен, олардың белсенділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар осы сайлауға жаңадан партиялар қатысып, жастар саяси додаға көптеп түсіп жатыр. Сайлауда халық белсенді дауыс беруде. Сайлау науқанында да кандидаттардың өте белсенді болғанын көрдік. Сондай-ақ бәсекелестік көп, өйткені танымал тұлғалар өзін депутат ретінде ұсынуға мүмкіндік алды», - дейді ол.
Сонымен қоса Әсем Қайдарова депутаттарды берген уәделерін орындауға шақырды.
«Келесі сайлауға дейін партиялардың белсенділігі жоғалмауын күтеміз. Өйткені саяси партиялардың үгіт-насихат науқаны кезінде ғана белсенділігі көрінеді. Жалпы олардың мақсаты - билікке өту, халық пен биліктің арасындағы делдалдық. Олар сол қызметін сайлау біткеннен кейін де ұмытпауы керек. Сайлау емес кезде де өзінің имиджін қалыптастыру, бағдарламасын дайындау, зерттеу, келесі сайлауға дайындалу секілді жұмыстарды атқарғаны жөн. Бізде партиялардың бағдарламалары бір-біріне ұқсайды деген сыни пікір бар. Ол үшін үнемі жұмыс жүруі керек, сонда сапа да, бағдарлама да жоғары деңгейде болады. Бүгін сайлау бітсе, өткен де, өтпеген де партиялар ертеңнен бастап ізденіп, өзінің жұмысын жалғастыра беруі маңызды», - дейді КИОР басқарма төрағасының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары