«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
50192
«АрселорМиттал Теміртауға» 16,5 млн теңгеден асатын айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап. Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері жеті шахта мен «Восточный» орталық байыту фабрикасының қызметін тексеруге жұмылдырылған. Тексеруді облыс прокуратурасы тағайындады. Оның барысында барлық сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану фактісі анықталыпты.
«Осындай өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді», - дейді комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Осылайша Қарағанды облысы прокуратурасының ұсынысы мен материалдарының негізінде «АрселорМиттал Теміртау» Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
«Бұдан басқа, Қарағанды департаменті кәсіпорынға қатысты заңнаманы бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс енгізді, олар бүгінгі күні жойылды. Сондай-ақ тексеріспен «АрселорМиттал Теміртауда» тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталды, өйткені өлшеулердің салалық тізбелеріне енгізілмеген. Бұл Өлшемдер Қауіпсіздік пен еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент өлшемдер тізбесін одан әрі қарау және оларды салалық мемлекеттік органдар бекіту үшін кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындады», - делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары