Әлімханұлы 26 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен жұдырықтасатын болды

Әлімханұлы 26 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен жұдырықтасатын болды

Әлімханұлы 26 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен жұдырықтасатын болды
ашық дереккөзі
50217

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) кәсіпқойдағы келесі қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxingScene мәліметінше, орта салмақта WBO чемпионы рингке 13 мамырда оралады.

29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы - 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО).

12 раундтық жекпе-жек бокс кешінің басты айқасы болады. Алайда әзірге оның өтетін орны белгіленген жоқ.

Бастапқыда Әлімханұлы британиялық Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жұдырықтасу керек болған. Смит қаңтарда Крис Юбенкті (32-3, 23 КО) нокаутқа түсіріп еді, енді Юбенк келісімшарт бойынша қарымтаны талап етті. Осылайша, ол әзірге Жәнібекпен айқаса алмайды.

Серіктес жаңалықтары