Қоқысқа тасталған тамақ қалдықтарынан жем шығарды

Қоқысқа тасталған тамақ қалдықтарынан жем шығарды

Қоқысқа тасталған тамақ қалдықтарынан жем шығарды
ашық дереккөзі
51253

Күнделікті қоқысқа төгіліп жатқан тамақ қалдықтарын да кәдеге жаратуға болады. Астана тұрғыны Ұлағат Ханзада жақында қоқысқа тасталған ұн өнімдерін өңдеп, одан жем шығару өндірісін іске қосты.

Қазір кәсіпкердің шағын цехы күніне бір тонна жем шығарады. Бұлқұсқа, балыққа және төрт түлікке арналған азық. Негізгі құрамы қамыр, нан қалдығы, көкөніс және кебек. Қосымша қоспалар тапсырыс берушінің талабына байланысты. Кәсіпкер отандық өнім шетелден келетін аналог комбикормнан екі есе арзан екенін айтады. Есесіне, сапасы анағұрлым жоғары.

«Негізі, бұл көптен ойымда жүрген дүние еді. 2012 жылы ма екен, радиода жұмыс істеп жүргенде «Қазақстанның әр ауданында бір-бір қоқыс өңдейтін, нақтырақ айтқанда, пластмасса өңдейтін зауыт ашылса, елу жылға дейін жер астында қалдығы қалмайды» деген мәліметті естіп қалдым. Бұл, шынында, ауқымды дүние. Қоқыс жәшіктерін АҚШ-тан Қытайға, Ресейден Жапонияға тасымалдадық. Жиһаз жасадық. «Неге малға, құсқа азық қылмасқа?» деген ой келді. Бірақ, ол уақытта іске асыруға мүмкіндік болмады, бірден кірісіп кете алмадым. Бірақ осы дүние маза бермеді. Сөйтіп, шағын станок алдым. Жұмысымызды біртіндеп кеңейте бастадық. Қолымызда азын-аулақ асылтұқымды мал бар еді. Оған азықты сырттан тасымалдайтынбыз. Бірақ сырттан келіп жатқан азықтың құрамында бидай бар ма, жоқ па, көз жеткізе алмаймыз. Өйткені, малымыздың қомдануы баяу жүрді. Донер, пицца жасайтын жерлерде қаншама ұн, қамыр дегендерден төгіліп жатыр. Соларды бір орталыққа жинайтын база ұйымдастырып, соны іске асырсақ дедік. Айналып келгенде, бұл – ысырапшылдақтан құтылудың жолы», – дейді Ұлағат Ханзада.

Кәсіпкер бұл істі былтыр бастағанмен, сатылымға жақында ғана шығарған. Өйткені, алдымен өзінің малына беріп, тәжірибе жасап көрген. Күйлі болғанын көргеннен кейін өндірісті жолға қойыпты. Қазір үш адамды жұмыспен қамтып отырған ол әзірге стартап деңгейінде екенін айтады.

«Бірінші жемді өзіміздің малға, айналамыздағы достарымыздың құстарына беріп көрдік. Нәтижесіне көңіл толғаннан кейін іске кірісіп, нарыққа шығардық. Бағамыз шетелден келетін аналог жемнен екі есе төмен. Бірақ сапасы жоғары деп ауыз толтырып айта аламын. Негізгі құрамы – бидай өнімдері. Кебекті бәрі жабысып қалмас үшін қосамыз. Әйтпесе, кебексіз өзін де тартуға болады. Бірақ ол мал жегенде қатты болып қалады екен. Сондықтан жұмсарту үшін аздап кебек қосу керек болды. Елімізге шетелден келетін жемдердің құрамын байқап көрдік.  Тек қана бидайдың, арпаның, сұлының кебегі. Дән жоқ, қауызы ғана. Оны ұн қылып тартып, содан осындай жем шығарып жатыр. Бірақ бағасы біздікінен қымбат», – дейді кәсіпкер.

Отандық өнімнің бір артықшылығы, тасымалға шығын кетпейді. Мұнымен қоса тауардың сапасын, өндіріс процесін келіп көруге болады.

 width=

«Өзіміз ауылда туып-өскеннен кейін агрономия, зоотехника саласынан хабарымыз бар. Әкеміз, атамыз химия, биология, ветеринария саласының мамандары. Таза бидайды малға бере беруге болмайды деп ойлаймын. Өйткені крахмалы көп. Сондықтан арнайы аппарат алдырдық. Картоптың, жуаның қабығында қауіпті токсин бар. Экструдер соны жояды. Балалар жейтін жүгері таяқшалары, кириешки сияқты болып шығады ғой піскен кезде. Өйткені крахмалдың көбі сахарид пен лактозаға айналады. Яғни, экструдерден шыққан жем малдың жақсы сүт беруіне, ағзасының тез арада оңалуына әсер етеді. Осылайша, азықтың зияны жойылып, пайдалы элементке айналады. Мал өздігінен табиғи ортада күнделікті шөбімен бірге аздап қоспа жем жеп отырса, жақсы семіріп, май жинайды», – дейді кәсіпкер.

Серіктес жаңалықтары