Павлодарлық шенеунікке 4 млн теңге айыппұл салынды

Павлодарлық шенеунікке 4 млн теңге айыппұл салынды

Павлодарлық шенеунікке 4 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
50224

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалиакбаровқа мемлекеттік сатып алулардағы заңбұзушылықтар үшін 4,1 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құқықбұзушылық Қалиакбаров қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған кезеңде болған.

Сот отырысында келтірілген мәліметтерге сәйкес, Қалиакбаров 2022 жылы бір көзден алу тәсілімен 17 тікелей мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан, оның ішінде қала алаңдарын, саябақтарды, көшелерді жөндеу және күтіп ұстау, атауы өзгертілген көшелерге белгілерді дайындау, контейнер алаңдары, зират қоршаулары және жағалауды абаттандыру секілді жобалар бар. Жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының қызметкерлері келісім-шарттардың заңбұзушылықпен, тиісті конкурстық рәсімдерсіз жасалғанын анықтап, бұл туралы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне және облыстық департаментке хабарлаған.

«Аталған дерек бойынша Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті лауазымды тұлға А.С.Қалиакбаровқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігімен 17 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады, сот оларды бір іске біріктірді», - деп хабарлады сот кеңсесі.

Қалиакбаровтың сотта Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ретінде барлық 17 келісім-шартты жасап, оған қол қойғанын растай отырып, анықталған бұзушылықтар бойынша өз кінәсін мойындамағаны атап өтілген.

Арслан Қалиакбаровтың адвокаты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады. Сот шенеуніктің уәждерін негізсіз деп тапты.

«Павлодар қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты Қалиакбаровты ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 17 құқық бұзушылықтың әрқайсысы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігінің негізінде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30 пайызға, яғни 1 190 АЕК-ке дейін азайтуды мүмкін деп санайды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 105 500 теңге», - делінген сот кеңсесінде жарияланған қаулыда.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары