50241
Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды
Қызылорда облысында бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды
Қызылорда облысында есік алдындағы септикке құлаған бір жастағы сәби көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12.55-те хабарлама түскен.
«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары сыртқа шығарды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.